{metadescription}
Қызылорда басшылары Сенатта өткір сұрақтардың астында қалды
Қызылорда басшылары Сенатта өткір сұрақтардың астында қалды

Қызылорда басшылары Сенатта өткір сұрақтардың астында қалды

Сенатта алғаш рет өңірлер күні өтті. Парламент қабырғасындағы жаңа бастаманың алғашқы қонағы – Қызылорда облысы.

Облыс басшылары Сенатқа өңірлердің басы болып келсе де, депутаттар өткір сұрақтардың астына алды. Мәселен, жылына 15 мың тоннаға жуық балық Кіші Аралдан Үлкен Аралға, яғни өлі теңіз жағына кетіп жатыр. Ақшаға шаққанда 15 миллард теңгеге жуық шығын деген сөз. Ал Байқоңыр қаласында су, электр, кәріз құбыры сынды коммуналдық төлемдер көрші елді мекендерге қарағанда алты есеге дейін жоғары. Қаладағы ресейлік мекемелер жұмыста қысқарту жасаса, біздің азаматтар одан кейін жұмыс таппай қиналады. Ал Сенат спикеріне өңірдің бюджетті үш жылға жоспарлайтыны ұнамай қалды.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Үш жыл көлемінде ойлану мүмкін емес. Өйткені алға қойған стратегияны нақтылау, қай бағытта, қалай даму керектігін ойластыру қиын. Бюджетті дұрыс жоспарласа, ол кезде Үкіметке де нақты салаға, нақты жобаларға қаражат бөлу әлдеқайда оңай.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде