{metadescription}
21 жыл бұрын ауылдасын өлтірген қаскөй жазадан құтылып кетті  
21 жыл бұрын ауылдасын өлтірген қаскөй жазадан құтылып кетті  

21 жыл бұрын ауылдасын өлтірген қаскөй жазадан құтылып кетті  

Өз ауылдасын атып өлтіріп, мәйітін ауласына көміп қойған Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғыны түрмеге қамалмайтын болды. Бұл қанды оқиға 21 жыл бұрын болған. Қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің ескіруіне байланысты қаскөй жазадан құтылып кетті.  

Кенжеғали Кенжебеков, судья:

- Қылмыстық жауапқа тартуға мерзімнің ескіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Ол дереу сот залынан босатылсын

Қазақстан заңымен 15 жыл бұрын болған қылмыс қудалауға жатпайды. Сотталған азамат дәл осы мүмкіндікті қолданған. Ол өз кінәсін тек жартылай мойындағанымен, сотта айыбы толық дәлелденіпті. Және ол марқұмның туыстарына моральдық және материалдық шығын есебінде 5 жарым миллион теңге беруге міндеттелді.

21 жыл бұрын болған қанды қылмыс өткен жылдың соңында кездейсоқ ашылған еді. Сол кездегі полицей Есмағамбет Тілеужанов ауылдасы Кеңесхан Мәдіхановпен отырыстың бірінде сөзге келіп, басынан атып өлтірген. Ал мәйтті ауласына көміп, үстіне жаздық бастырма соғып тастаған. Адам табылмаған соң іс жабылады. Ал қайта ашылған іс бойынша судья айыпталушыны жазадан босатты. Мәдіхановтың бауырлары сот үкімімен келіспей отыр.

Қасымхан Шүңірек, К. Мәдіхановтың інісі:

- Қасақана адам өлтіргенді сот залынан босатып отыр. Бұл шешімге келіспейміз. Өйткені өліп жатқан ит, мал емес – адам баласы. Қанша жыл өтсе де,  жазасын алу керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде