{metadescription}
Гарант 24 Ломбард! Ақтөбеде қаржы пирамидасы кеңсесінің тас-талқанын шығарды
Гарант 24 Ломбард! Ақтөбеде қаржы пирамидасы кеңсесінің тас-талқанын шығарды

Гарант 24 Ломбард! Ақтөбеде қаржы пирамидасы кеңсесінің тас-талқанын шығарды

Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданған тұрғындар ақша өткізген мекеменің кеңсесін тас-талқан етті. Ашынған жұртты сабырға шақыруға тіпті арнайы жасаққа дейін тартылған. Ал ақша әдеттегідей классикалық үлгіде жиналыпты. Соңында жұрттың қаржысын қалтасына басқандар із суытып үгерген. «Гарант 24 Ломбард» деп аталатын компанияға  еліміздің бірнеше аймағында мыңдаған салымшы ақша құйған. Енді оларға полицияға арызданудан басқа амал жоқ.

Күдік пен үміт. Ақтөбенің қақ ортасындағы қаржылық ұйымы кеңесінің алдына таң атысымен жиналған 100-ге жуық салымшы екіойлы болып тұр. «Гарант 24 Ломбард» компаниясы екі күннен бері ақша беруді тоқтатып, кассасын жауып тастаған. Басшыларының қашып кеткенін естіген салымшылар ақыры кеңсе есігін бұзып кіріп тас-талқанын шығарды. Кейбіреуі іштегі сейфті алып қашпақ болды.

Тәртіп сақшылары ашынған жұртты сабырға шақырғанымен, тоқтата алмады. Сондықтан арнайы жасақ сарбаздарын шақыртуға мәжбүр болды.

«Гарант 24 Ломбардқа» ақша салған тараздық тұрғындар тәртіп сақшыларына жаппай арызданып жатыр. Ондағылар ең азы жарты миллион теңгеден бастап, тіпті қымбат көлігі мен баспанасын аталмыш пирамидаға салған.  

Серік Бекбауов, Тараз қаласының тұрғыны:

- Менің үйімді 12 миллион теңгеге сатып алды. 12 миллионның екі айын берді. Сол екі айын өзіне қайтып салдым, 5 миллион теңгесін. Ол бес миилионның бір тиынын да алған жоқпыз, он екі миллионмен. Үйімді де сатып жіберген басқа клиенттерге.

Күдікті ұйымның кесірінен Атырауда да 100-ге жуық салымшы жаяу қалған. Мұнайлы өлкенің тұрғындары да ақшамен қоса көліктерін де өткізіпті. Ондағылар түннен бері пирамида құрған мекеменің кеңсесін күзетіп жүр. Қазір «Гарант 24 Ломбард» компаниясының еліміздегі барлық филиалы тексеріліп жатыр. Ал Ақтөбедегі басшысы іздестірілуде.

Зиядин Күнбасов, Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Қазір ол адамдарды іздестіру жұмыстарын анықтап, олар туралы мәліметті анықтап жатырмыз қазір. Тапсақ, егжей-тегжейлі анықтаймыз. Қазір тексеру жүргізіп жатырмыз. 

Салымшылар пирамидалардың саңырауқұлақ сияқты қаптап кеткеніне құзырлы органдарды кінәлайды. Күмәнді қаржылық ұйымдардың қызметін дер уақытында тоқтатпай, алаяқтардың алшаң басуына «жол берді» деп отыр. Бір Ақтөбенің өзінде айналдырған екі апта ішінде төрт бірдей пирамиданың ісі әшкере болды. Осындай ұйымдар басқа да өңірлерде әлі қаптап жүр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде