{metadescription}
Аудан беріп, облыс қайтарып алмақ жер дауы – Боралдай  
Аудан беріп, облыс қайтарып алмақ жер дауы – Боралдай  

Аудан беріп, облыс қайтарып алмақ жер дауы – Боралдай  

Алматы облысында 200-ден аса отбасы жерінен айырылуы мүмкін. Облыстық жер қатынастары басқармасы Боралдайдағы 15 гектар аумақта орналасқан жер үйлерді «бас жоспарға сәйкес келмейді» деп сотқа беріпті. Тұрғындар бұл шешімге қарсы. Себебі, қолында Іле аудандық әкімдігінен алған жер актісі бар. Ауданның шенділері беріп, облыстағылары қайта алғалы жатқан жер дауы.  

Бұл боралдайлық Ринат Төлемісовтің баспанасы. Былтыр 1 млн 700 мың теңгеге телімін сатып алып, аз уақытта үйіне қоныстаныпты. 3 баланың әкесі сотқа шақыру келгеннен бастап күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалдық дейді.

Ринат Төлемісов, Боралдай кентінің тұрғыны:

- Бәрін қосқанда 9 млн-дай ақша кетті. Ол ақшаны мысалы жинағаным бар, кредит алдым. Өзімнің атыма, әйелімнің атына. Оңай ақша емес. Сонымен 2006 жылы Алматыға келгенмін, қазір 2020. 14 жыл бойы квартирада тұрдық.

Жайнақ ықшамауданындағы 15 гектар аумақты 203 отбасы 5-6 сотықтан бөліп алған. 26 адам баспанасын тұрғызып үлгерсе, өзгелері екіойлы. Бәрінің мойнында қарызы бар. Ұлтарақтай жерді сатып алу үшін банктен қарыз алған. Мұнда жарық пен су, жол да жоқ. Ал енді аяқасты сол уческелерінің құжаты заңсыз деп танылғанына жұрт аң-таң.

Гүлчехра Қожаназарова, Боралдай кентінің тұрғыны:

- Жер-су бақылау комитеті өздерінің әшейін жоспарларын ғана беріп отыр сотқа. Бұл утвержденный жоспар емес. Осы жердегі бүкіл жердің бәрін заңсыздандыру керек, осы жерге көп этажды үйлер салынуы керек деп айтып жатыр, Саин көшесі түсу керек деп. Ол жоспар ғана.

Осылайша, облыстық Жер инспекциясы аталмыш ауылдағы жер үйлерді бас жоспарға сай жүргізілмеген деп таныған. Тағы бір қызығы, сотқа шақырылған тұрғындардың жартысы осы күнге процесске қатыспадық деп ашулы.

Назгүл Көшербаева, Боралдай кентінің тұрғыны:

- Сот ашық сот қой, неге біздің құқығымызды шектейді? Есікке барып тұрамыз кетеміз. Болды. Неше сот болды, неше сотқа қатыса алмадық.

Заңды жерінен айырылып қаламыз ба деп алаңдаған жұрттың қорқынышы басым. Себебі, талап арыз бойынша Іле ауданының әкімдігі де жауапкер ретінде қатысуда. Өйткені, жерді кезінде оңды-солды үлестірген солар. Енді әкімдіктегілер бас жоспарды өзгерту үшін жанталасып жатыр. Құжат наурыз айында қоғамдық тыңдауға шығарылмақ. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына қатысты да түсініктеме берді.

Еркін Нұрқасымов, Іле аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

- Сотта бас жоспарға өзгеріс енгізілгені туралы ақпаратты бердік. Ары қарай сот өзінің шешімін қабылдайды. Үлкен айналма жолы ол жоғары жақтан өтеді. Солтүстік жағалауында Жайнақ ықшамауданының солтүстігінен өтетін болады.

Жайнақ батыр ықшамауданындағы жұртқа жаппай жер телімдерін сатқандардың саудасы қызып тұр. Олай дейтін себебіміз: елдімекендегі кіреберісте мынандай хабарландыру ілулі тұр.

Ал жергілікті атқамінерлер халықтың құқығын қорғаймыз деп сендіріп бақты. Істің соңы немен аяқталары әзірге белгісіз. Боралдайдағы жер дауына қатысты кезекті сот отырысы 27 ақпанда өтеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде