{metadescription}
Денесі таудан табылған Сәбинаны өлтіргендер сотталды
Денесі таудан табылған Сәбинаны өлтіргендер сотталды

Денесі таудан табылған Сәбинаны өлтіргендер сотталды

Алматы облысында денесі таудан табылған Сәбина Әбдуәлиеваның өліміне қатысты сот ісіне нүкте қойылды. Оны өлтірген тату салонының қызметкері Фати Омаров 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмысты жасырып қалды деп айыпталған 25 жасар Антон Дерябин жеңіл жазамен құтылды. 

Асқарбек Бейімбетов, Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Фати Омаров жазасын қауіпсіздігі барынша күшейтілген колонияда өтесін. Ал Антон Дерябин жазасын 4 жыл шартты түрде өтесін.

Омаров Сәбина Әбдуәлиеваның жақындарына моральдық шығын ретінде 4 миллион теңге, ал мемлекетке келтірген шығыны бойынша 3 миллион теңге өтеуге міндеттелді. Бүгінгі сот процесінде соңғы сөзін айтқан ол жасаған ісіне қатты өкінетінін жеткізіп, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады. Ал қылмысты жасырып қалған Антон Дерябиннің төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сәбина Әбдуәлиева жарты жыл бұрын із-түссіз жоғалып кетіп, денесі таудан табылған. Полиция алдымен Әйтей ауылы маңынан келіншектің өртенген көлігін тапқан. Жедел іздестіру барысында қолға түскен екі күдікті Сәбинаның мәйітін көмген жерін көрсеткен. Марқұмның артында екі баласы қалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде