{metadescription}
Денсаулық министрін жасөспірімнің жыныстық қатынас туралы сұрағы састырды
Денсаулық министрін жасөспірімнің жыныстық қатынас туралы сұрағы састырды

Денсаулық министрін жасөспірімнің жыныстық қатынас туралы сұрағы састырды

Жасөспірімдердің жыныстық қатынас туралы сұрағы Денсаулық сақтау министірін әбден састырды. Елжан Біртанов жаңадан әзірленіп жатқан заң жобасын талқылауға Алматыға арнайы келген. Кілең медицина маманы жиналған жиында күтпеген жерден бір топ оқушы пайда болып, жыныстық ауруларға шалдыққанын ашық айтты.

София, 10-сынып оқушысы:

Осы уақытқа дейін гинекологқа қаралған емеспін. Яғни, ауруым асқынып кетуі мүмкін. Сырқатым туралы анама айтуға қорқамын. Сізден сұрайтыным, 16 жастағыларға да дәрігерге өз бетімен қаралуға рұқсат етілсе. Ешкімге айтпай, өзім барып емделгім келеді.

Жасөспірімдердің айтуынша, кәмелетке толмағандарды гинекологтар маңына жуытпай, ата-анасын ертіп келуді талап етеді. Жыныстық қатынасқа түскенін жақынынан жасырған жасөспірімдер екі ортада жұқтырып алған аурудан емделе алмай жүр екен. Жиынға жүрексінбей келген оқушылардың бірі тіпті өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтып ағынан жарылды.

Мәліметтерге қарағанда, елімізде 16-дан асқандардың тең жартысына жуығы жыныстық қатынасқа түскен. Кәмелетке толмағандарға өз бетімен дәрігерге қаралуға рұқсат сұраған қыз-жігіттерге Біртанов бас изегендей болды. Ал «Халық денсаулығы туралы» заң жобасын даярлауға ат салысып жүрген Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова ұл-қыздардың тілегі ескерілетінін айтты.      

Зәуреш Аманжолова, Мәжіліс депутаты:

- Өмір болғаннан кейін бәрі болады. Соны өзі емдемей, әрине медициналық дәрігер айтып, қандай инфекция екенін, қалай ем алу керек екенін, жөн-жолын жазып бергені, айтып бергені дұрыс. 16 жастан бастап консультативтік-диагностикалық көмекке бара алады.

- Яғни, біз сеннімді бола аламыз ба, енгізіледі деп?

- Иә, иә.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.