{metadescription}
Пәтерін есірткі өсіретін жылыжайға айналдырған
Пәтерін есірткі өсіретін жылыжайға айналдырған

Пәтерін есірткі өсіретін жылыжайға айналдырған

Тұрғын үйдегі есірткі жылыжайы. Алматы облысының Іле ауданындағы пәтерлердің бірінде түрлі есірткі өнімін алаңсыз өсіріп келген 47 жастағы азамат ұсталды.

Сырт көзге күдік тудырмайтын тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер құдды бір жылыжай сияқты. Микроклимат қалыптастыру үшін күн батареясы қойылып, қабырғалар целлофанмен қапталған. Шөптің өсуін тездететін сұйықтық та бар екен. Пәтер есірткі өнімін дайындауға бейімделген зертхананы елестетеді.

Ақбота Әзірбек, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Тінту барысында салмағы 26 келіге жуық 47 бұта, 295 орамша және салмағы 8,5 кг дайын екі қап марихуана табылып тәркіленді. Есірткі өсімдіктерін өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегімен ҚР ҚК 330-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде