{metadescription}
СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында 28 жастағы әйел өзінің жаңа туған нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Дүниеге келгеніне бірнеше күн болған шақалақтың денесі өз үйінің жанынан табылған.

Нәресте сарай артындағы қоқыс үйіндісінің арасынан шықты. Әйел оны пакетке салып лақтыра салған. Тәртіп сақшылары мәйітті көргенде төбе шашы тік тұрғандарын айтады. Себебі, денесін тілгілеп, көгала қойдай етіп ұрыпты. Келіншектің нәрестені қайда, қалай босанғаны да белгісіз. Себебі, дәрігерлер оны перзхентханаға келмеген деп отыр. Мәліметке қарағанда, әйел ашынасымен бірге тұрған. Ал қиналып өлген сәби қыз бала екен. Ал күдікті әйел ауруханада жатыр. Беті бері қараған күні қолына кісен салынады.  

Сән Жұманғазина, СҚО полиция департаменті бас маманы:

- Аталған факті ҚР ҚК 100-ші бабы, яғни жаңа туған баланы анасының өлтіруі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Жаңа туған баланың өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде