{metadescription}
Елордада тегін тіс дәрігерінің қабылдауы жанжалға ұласты 
Елордада тегін тіс дәрігерінің қабылдауы жанжалға ұласты 

Елордада тегін тіс дәрігерінің қабылдауы жанжалға ұласты 

Кезекке қырқыс! Елордада қариялар, мүгедектер мен көп балалы аналар тегін тіс дәрігерінің қабылдауына жазылу үшін ұзын-сонар кезекте тұрып, арты жанжалға ұласты. Себебі, елорданың төрт ықшамауданы тұрғындарын бір жерде ғана қабылдаған. Шыдамы таусылып айғайға басқан қариялардың жайын тілшіміз көріп келді.

- Оңбаған шаруа жасап отыр. Осынша халықты мал сияқты ұстауға бола ма?

Бұл адамдар кезекте таң әлетінен бері тұр. Барлығы мемлекеттік бағдарлама арқылы тіс дәрігерінің тегін қабылдауына жазылуға келген. Бірақ шексіз кезек салиқалы қариялардың да төзімін тауысты.

Дуанбек Қаңтарбаев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Жұрт бір-бірімен қырылыстьы. Осылай жұмыс бола ма? Төрт ауданды төрт жерге бөлуге болады ғой. Бағана келіп едім. Зейнеткермін, қан қысымым жоғары. Ұзақ уақыт тұрмыз. Мықтылары итеріп кіріп жатыр. Тәртіп жоқ, бейберекет, басқа не айтамыз?!  

Емхана басшылығының сөзінше, көпшілік негізсіз даурығып отыр. Тіпті қабылдау үстелдерін кең бөлмелерге де шығарып көріпті. Бірақ жұрт қызметкерлерді баса-көктеп, жұмыс үстелдерін қирата жаздаған. Сондықтан осылайша төрт-бес адамнан бір есік арқылы өткізуге мәжбүр.

Тіс дәрігерінің қабылдауында мұнда елорданың 4 мөлтек ауданының зейнеткерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар және де көп балалы аналар келіп отыр. Алайда осындай кезек екінші күн жалғасуда. Бірақ әкімдік тарапының айтуы бойынша, бұл ғимаратты тегін беріп отыр. Бұған дейін тіс дәрігерінің қызметіне жазылуды далада жүргізген екен. Сондықтан тұрғындар «ризашылықпен қарауы тиіс» дейді.

Тегін тіс дәрігерінің қабылдауына үш мыңға жуық адам тіркелуі тиіс екен. «Көрсетілетін ем шаралары ақылы болса, өте қымбат», - дейді дәрігерлер. Ал халықтың бұлайша дүрлігуін түсінбей отыр.   

Эльмира Есентаева, тіс емханасының бас дәрігері:

- Тіс дәрігерінің тегін қабылдауына жазылатындардың қатары көп. Осы екі күннің өзінде 2500 адам қабылдауға тіркеліп үлгерді. Егер төрт ықшам аудан тұрғындарын бөлек жерлерде қабылдайтын болсақ, қариялардың көбі адасады. Сондықтан осындай амалға көшіп отырмыз. Тіркеу үш күнге жоспарланған.  

Медициналық жеңілдікке тіркелу мерзімі небәрі үш күнде бітіп кететіндіктен, нөпір халық бірінің үстіне-бірі иін тіресіп барады. Осыдан қауіптенсе керек, тіркеушілер сыртта ғимарат алдына жедел жәрдем кезекшілігін ұйымдастырып қойыпты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде