{metadescription}
Атырау облыстық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты
Атырау облыстық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Атырау облыстық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Қызметке кім көрінгенді алып, ақыры 5 миллион айыппұл арқалап тынды. Атырау соты бүгін Облыстық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға осындай үкім кесті.

Экс-шенеуніктің өз айыбын мойындауын және зейнеткерлік жасына бір жыл қалғанын ескерген сот осындай жеңіл жаза тағайындады. Айта кетейік, Мәншүк Аймұрзиеваның өз міндетіне салғырт қарап, оның соңы ауыр зардаптарға әкеп соқтырды деп айыпталған. Ол басшы болған мерзімде Атырау облыстық перзентханасында жаңа туған нәрестені мұздатқышқа тірідей салу фактісі тіркелген-ді. Бұл іске тікелей қатысы бар Бас дәрігер әлі тергеліп жатыр. Ал экс-шенеунік сол Нысанбаевты талапқа сай болмаса да жұмысқа қабылдағаны үшін айыпты. Осыдан соң облыстық перинатальдық орталықта сәби өлімі күрт артыпты.

Мейрамбек Нағашыбаев, Атырау қалалық №2 сотының төрағасы:

- Сот отырысында өздеріңіз қатыстыңыздар, бұл өзінің кінәсін толықтай мойындап, тергеумен және сотта анықталған мән-жайлардың ешқайсысына дау келтірмей, өз кінәсін мойындады.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде