{metadescription}
Полиция қызметкерлерін көлікпен мыжып кете жаздаған
Полиция қызметкерлерін көлікпен мыжып кете жаздаған

Полиция қызметкерлерін көлікпен мыжып кете жаздаған

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тас жолының үстінде полицейлермен керісіп қалған жүргізушілер жазаға тартылады. Олар ауа райына байланысты жабылған жолға шығармаған полиция қызметкерлерін көлікпен таптап кете жаздаған.  

Екі күннен бері жабық жолда қаңтарылып тұрғандар көлденең тұрған полиция көлігін итеріп тастады. Жүрмек болған көліктердің алдына полицей қызметкері жатып та көрген. Алайда ентелеп, көліктерін тебінген жұрттың қарқынына қауқар көрсете алмады. Кадрлардан жұрттың жүріске кедергі келтірген қызметкерлерді жұлқа тартып, ұршықша иіргенін көруге болады. Аттандаған топтан ақыры бірнеше көлік сытылып тас жолға шығып кетті. Алайда оларды алысқа ұзатпай ұстадық дейді полицейлер.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Екі «Газель» автокөліктері және «Хюндай» жеңіл автокөлігінің жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкерін көлігімен қасақана қағып кеткен жүргізушіге де тиісті айып тағылады.     

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде