{metadescription}
Атырау облысында болған жантүршігерлік жол апатында 5 адам өлді
Атырау облысында болған жантүршігерлік жол апатында 5 адам өлді

Атырау облысында болған жантүршігерлік жол апатында 5 адам өлді

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі жеңіл автокөліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тапқан. Ал екі көліктен тірі қалған жалғыз жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты таңғы елең-алаңда Құлсары қаласынан Теңіз кенішіне барар тас жолда болды. Қаза болғандардың барлығы вахталық кентке жұмысқа бара жатқан адамдар екен. «Chevrolet» маркалы көлікте 4 азамат, «Ладада» тағы екі адам болған. Екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Аман қалған жалғыз жолаушы қазір ауруханада жатыр. Апаттың нақты себептері сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.