{metadescription}
Қажылыққа бару уақытша тоқтатылды
Қажылыққа бару уақытша тоқтатылды

Қажылыққа бару уақытша тоқтатылды

Кеселдің кесірі тимесін! Мемлекет басшысы әлемді алаңдатқан коронавирустың Қазақстанға қауіп төндірмеуін үкіметке тапсырды. «Ел азаматтарының денсаулығын қорғау мақсатында сақтық шараларын күшейту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шара қабылдау керектігіне де тоқталды. Біздің елде де карантинде жатқан азаматтар аз емес.

«Ешқайсынан ауру белгілері анықталған жоқ», - деп сендірді Денсаулық сақтау министрі.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Бүгінгі таңда дәрігерлердің қарауында жатқан науқастар бар. 200 азамат карантинге жабылған. 500 адам үй жағдайында бақылауда. Әзірге ешкімнен коронавирус анықталмады. Егер де сондай жағдай тіркелетін болса, бірден хабарлаймыз.

Ал әлемде коронавирус күннен күнге кең тарап жатыр. Қауіпті індеттің белгілері Антарктидадан басқа барлық материктен табылған. Іргедегі Қытайдан шыққан осы вирустан сақтану үшін Сауд Арабиясының билігі Мекке мен Мәдина қалаларын жауып тастады. Ол елмен байланыс уақытша үзілгендер тізімінде Қазақстан да бар. Біздің азаматтарға әзірге электронды виза берілмейді. Сондықтан қажылыққа бару белгісіз уақытқа тоқтайды. Тәртіп бәріне қатаң. Қытайдағы бір күндік сапардан оралған Моңғолия президентінің өзі екі аптаға арнайы оқшауланған емханаға жатқызылып, осы вирустың бар-жоғын анықтайтын тест алыныпты. Ал соңғы дерек бойынша бұл індеттен 2788 адам көз жұмған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.