{metadescription}
Халықтан кешірім сұра! – Гарант 24 Ломбард
Халықтан кешірім сұра! – Гарант 24 Ломбард

Халықтан кешірім сұра! – Гарант 24 Ломбард

Кешірім сұрауға мәжбүрледі! Әлеуметтік желіде «Гарант 24 Ломбард» директорының қылмыс әлемі серкелерінің бірімен әңгімесі қызу талқыланып жатыр. Аслан Мырзабеков өзін телефонмен тергеуге алған адамға ақталып, бар былықты «Жанболат деген жігіт істеді» деп айтады.

- Халықтың ақшасын қайда жібердің?

- Бар ақша Жанболатта. Мен ол ақшаны тіпті көрмедім.

«Өтірік айтсаң, қол-аяғыңды сыныдарам, халықтан кешірім сұра» деген ер адамның бұйрығын Аслан Мырзабеков бұлжытпай орындады. Көп өтпей, өзінің елден кешірім сұраған видеосы жарияланды.

Айта кетейік, бірер күн бұрын «Гарант 24 Ломбардтың» директоры Молдовада ұсталған. Әзірге құзырлы органдар бұл таспаға қатысты мәлімет таратқан жоқ.

Аслан Мырзабеков, «Гарант 24 ломбард» директоры:

О баста бұл фирма Жанболат Темірұлы деген азаматтың қолдауымен ашылды. Соған ақша табуға ұсыныс жасады. Бірақ қандай жұмыс болатынын айтпады. Мен қаржыдан қысылған соң келістім. Компания екі жылдай жұмыс істейді, «бәрі жақсы болады» деген. Кейін бәрін білгенде, кеш болды. Осылай істегеніме сіздерден кешірім сұраймын!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.