{metadescription}
Білім беру ұйымдарында адам көп жиналатын шаралар тоқтатылады
Білім беру ұйымдарында адам көп жиналатын шаралар тоқтатылады

Білім беру ұйымдарында адам көп жиналатын шаралар тоқтатылады

Төрткүл дүниені есеңгіреткен короновирустан сақтану үшін елорданың балабақша, мектеп, колледждерінде мерекелік шараларға шек қойылды. Медициналық бетпердемен жүру де міндеттеліп жатыр.

«Қойылған талаптарға короновирус кеселінің қатысы жоқ» деп сендірді білім басқармасындағылар. Наурыз, сәуір айлары – жұқпалы аурулар, тұмаудың өршитін кезі. Сондықтан сақтық шарасы қатаңдатылып жатыр. Білім беру ұйымдарында адам көп жиналатын шаралар тоқтатылмақ. Алда 8 наурыз мерекесі бар екенін ескерсек, бүлдіршіндер мен оқушылар оны жоспар бойынша тойлайды. Бірақ ата-аналар салтанатты жиынға қатыстырылмауы мүмкін.

Ләззат Разбекова, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру басқармасының бөлім басшысы:

- «Міне, мұндай тапсырма келіпті» деп, асыра сілтеп, дабыра қылатын ештеңе болған жоқ. Сондықтан да мұны тек қана аурудың алдын алу, сақтық шарасы деп түсінген жөн. 8 наурыз мерекесіне қатысты бүгінгі күні тек сақтық шараларын ата-аналарға түсіндіріп, айтып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде