Коронавирус жұқтырғандар 91 мыңға жетті
Коронавирус Украинаға да жетті. Оны Италияда демалыста болған ер адам жұқтырып, еліне алып келіпті. Мәліметтерге қарағанда, сырқат шетелге жалғыз өзі ұшпаған. Қасында әйелі болған. Қазір дәрігерлер оның екеуін де оқшаулап тастады.
Автор: Аруна Ортай
03.03.2020
Қауіпті вирус жұқтырған азамат жолай Румынияға да соғыпты. Ал аурудың белгілері өз еліне жеткен соң екі күннен соң табылған. Қазіргі кезде сырқатпен тілдескен таныстарының барлығы тексеріліп жатыр. Вирус күшейген үшінші ел – Иранда жағдай мүлде ушыққан. Мұнда тіркелгендер 1500-ден асты. Олардың 23-і парламент депутаты. Одан бөлек, 66 адам көз жұмды. Вирус жұқтырғандар көшеде кетіп бара жатып құлап жатқан кадрлер ғаламторда сәт сайын тарап жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 91 мыңға жетті. Ал Қазақстанда бұл дерт әзірге ресми тіркелген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары