Мемлекет қаржысынан миллиондап пайда тапқан
Мемлекеттің миллиардтарын депозитке салып, миллиондап пайда тапқан. Салдарынан қаржыландыру кешігіп, мемлекеттік бағдарламалар уақтылы орындалмаған. Жемқорлықпен күрес агенттігі Аграрлық несие корпорациясының басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың қитұрқылығын ашты.
Автор: Ербол Тұрымбет
03.03.2020
Тергеу мәліметтері бойынша, 2017-2018 жылдары ол 5,3 миллиард теңгені банкке депозитке салған. Сөйтіп 53 жарым миллион теңге банк сыйақысы мен тағы біреуден 11 миллион теңге пара алған. Ал былтыр Оңтүстік аймақтық инвестициялық орталығының басшылығына келгенде дәл осындай жолмен 1 миллиард теңгені депозитке салған. Одан түскен пайданы да қалтасына басыпты. Қазір Сарыбаев екі айға тергеу абақтысына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары