{metadescription}
Коронавирусты қанша адам жұқтырды, қайтыс болды – соңғы мәліметтер
Коронавирусты қанша адам жұқтырды, қайтыс болды – соңғы мәліметтер

Коронавирусты қанша адам жұқтырды, қайтыс болды – соңғы мәліметтер

Төрткүл дүниеде соңғы бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар 2 мың 223 адамға жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде қауіпті індетпен ауырғандардың қатары 93 мыңнан асып кеткен. Ал күн санап өршіген кесел 80-ге жуық мемлекетте тарап үлгерген.  

Қытайдан бастау алған коронавирустан әлемде 3 мыңнан аса адам қайтыс болды. Әсіресе індет шығыстағы көршімізден бөлек, Оңтүстік Корея, Иран және Италияда асқынып тұр. Бүгіннен бастап Италияда мектеп пен университеттер жабылды. Бұл елде инфекциядан 170 адам көз жұмған. Ал қауіпті кеселдің кесірінен 11 азаматынан айырылған АҚШ билігі коронавируске қарсы күреске 8 миллиард доллар бөлмек. 

Айта кетейік, Ресейде бүгін тағы вирус жұқтырған адам анықталды. Ол ақпан айының соңында осы елге келген Италия азаматы екен. Сөйтіп солтүстіктегі көршімізде коронавирус жұқтырғандарың саны 3 адамға жетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде