{metadescription}
Түркістанда жекеменшіктің әлегінен колледжде кикілжің туды
Түркістанда жекеменшіктің әлегінен колледжде кикілжің туды

Түркістанда жекеменшіктің әлегінен колледжде кикілжің туды

Жекеменшіктің әлегі! Сенімгерлік басқаруға өткен Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің ұжымы түгел жаңа басшыларына қарсы шықты. Олардың айтуынша, сенімгерлікпен алғандар ұстаздарға себепсіз тиісіп, жұмыстан қуып жатыр екен. Тіпті колледж ішіндегі саймандарды сатып, талан-таражға салуда дейді. Олар оқу орнын қайта мемлекет меншігіне қайтарсын деп талап отыр. Ал сенімгерлікке алғандар керісінше, ұжым жылдар бойы колледжді былыққа батырғанын анықтапты. Берекесі кеткен оқу ордасына тілшіміз барып келді.

Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде жыл басынан бері береке жоқ. Ұстаздар оқытуды емес, қаңтарда келген жаңа басшыларымен «айқасумен әлекпіз» дейді. Колледж жекеменшік бизнеске сенімгерлік арқылы өткен соң оқу орнының директорлығына мүлдем оқу саласына қатысы жоқ адам қойылыпты. Ал, ол колледжді дамытуды емес, дүние-мүлкін сатудан басқамен ісі жоқ дейді.

- Онда шеше алмайсыңдар ма, директор неге келеді бұл жерге, біздің жағдайымызды директор шеше алмайтын болса? 200 адамның жағдайын шеше алмайсыңдар. Істеп тұрған құрал-жабдықтарлы онымен қоймай металлоломға өткізіп жіберді.

Материалдық базасы мықты, бюджеті де ауқымды оқу орнын «Дала-Констракшн» деп аталатын компания 10 жылға алыпты. Жекеменшік компания «дамытудың орнына күйретіп жатыр» деген педагогтар, ұжымның тәжірибелі үстаздарын да кетірді дейді. Тіпті түрлі жарыстарға ұстаздар мен шәкірттер өз қалтасынан баруға мәжбүр екен.

Мұхтар Әбдіқұлов, колледждің аға шебері:

- Жетекшіге бөлінеді, баланы ертіп барамыз, оған бөлінбейді. Біз оны қалтамыздан шығындаймыз. Асхананы жапты да, жалға беріп қойды. Біз айғай шығарғаннан кейін асхананы жауып қойды.

«Колледжді – оқу емес, бизнес көзіне айналдырғысы келеді» деген педагогтар асханадан өзге,тіпті спортзалды да жалға беруге мәжбүрлейді дейді. Салдарынан оқудың сапасы төмендеп, тіпті балалар ата-аналарына шағым айтуы көбейген.

Менің балам: «Қарным ашып кетті, мама, басым ауырып тұр» деп келеді. Жаңа тамақ мәселесі айтылды. Ол 5-6 мың керек емес, одан гөрі ыстық тамақты беріңіздер.

Ал, ұжым түгел қарсы шығып жатқан «Дала констракшн» компаниясы келгелі бері тексеріс жүргізіп, колледжде құйтырқылық көп екенін анықтапты. Мәселен, кітаптан бастап компьютерге дейін жетіспейді. Қағаз жүзінде бар да, іс жүзінде көп нәрсе жоқ екенін анықтаған олар, колледж жылдар бойы былыққа батқанын айтады. Сәйкесінше студенттерді де бақылап отырған адам жоқ дейді.

Берік кенжебаев, «Дала-Констракшн» компаниясының өкілі:

- 25 адамдық топта, мысалы, 10 шақты адам келмейді. Сабаққа енді айдан бері көрмейміз. 10 шақты адам келмейді. Бірақ оларға стипендия төленіп жатыр. Дизайнер мамандықта оқып жатқан балдарда компютер жоқ. Компьютерсіз оқып жатыр. Олар қағазбен сурет салып отыр немесе 25 балаға – бір ноутбук.

Колледжді сенімгерлікпен 10 жылға алған «Дала констракшн» аудит шақырып, «әлі бірер ай тексереміз, оқу орнына қажетті дүниені аламыз» деп отыр. Алайда бірер ай ішінде айрандай ұйып отырған ұжымның астаң-кестенін шығарды деген педагогтар «Дала констракшннан» алып, қайтадан мемлекетке өткізсін деп талап қойып отыр. Қол жинап жатқан ұстаздар облыс шешпесе, Елордаға аттанбақшы. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде