{metadescription}
Коронавирустың кесірінен қоғамдық көлік тоқталуы мүмкін
Коронавирустың кесірінен қоғамдық көлік тоқталуы мүмкін

Коронавирустың кесірінен қоғамдық көлік тоқталуы мүмкін

Коронавирустың кесірінен Алматыдағы бірқатар қоғамдық көлік жүрісін тоқтатуы мүмкін. Себебі, автобустарды жөндеуге қажетті Қытайдан әкелінетін қосалқы бөлешектер елге жеткізілмей жатыр. Кейбір тасымалдаушы компаниялар мәселе дер кезінде шешілмесе, қоғамдық көлік қозғалысы қиындыққа тап болады дейді.  

Алып шаһардағы ахуал Қытайдан алынған автобустарға қатысты. Алайда қалалық әкімдік тасымалдаушылар тарапынан алаңдаушылық туындағанын жасырмаса да, қара аспанды төндіруге негіз жоқ деген сенімде. Әкімдік өкілінің айтуынша, қаладағы автобус парктерінде қосалқы бөлшектер кемі екі айға жетеді. Оның үстіне шенеуніктер мегаполистегі қоғамдық көліктердің 20 пайызы ғана Қытайдан сатып алынғанын айтады. Ал «Ресей, Өзбекстан және өзге елдерден алынған автобустарға қатысты еш мәселе жоқ», - дейді әкімдіктегілер.

Әсет Төлеуішов, Алматы қалалық Мобильділік басқармасының бөлім басшысы: 

- Қазірге уақытта Қытайда болған коронавирус жағдайына байланысты ол жақтан  қосалқы саймандар кішкене кешігіп келіп жатыр. Дегенмен біздің автобус парктерінде бір жарым, екі айға жеткілікті қосалқы бөлшектер бар. Осы 16-шы наурыздан кейін тағы қосымша бөлшектермен тағы бір контейнер келеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.