{metadescription}
Коронавирус туралы сұрақ туса...
Коронавирус туралы сұрақ туса...

Коронавирус туралы сұрақ туса...

Сақтықта қорлық жоқ! Алматылық дәрігерлер шет елге шықпауды ұсынып отыр. Тіпті коронавирус аз таралған елдерге бару қауіпті екен. Мұндай саяхатшылар елге оралған соң қызуы көтерілсе, тез арада емханаға барғаны абзал. Онда дәрігерлер тиісті сараптамалар алып, аса қауіпті инфекцияларды зерттейтін ұлттық орталыққа жібереді. Оның қорытындысы алты сағатта шығады.

Алты құрлыққа ауыз салған коронавирус шетелдегі демалыстың шырқын бұзуда. Өйткені Қытай, Иран, Оңтүстік Кореядан келгендер қазір мәжбүрлі түрде тағы екі апта карантинге жатқызылады.

Бұл баршаға ортақ талап. Оған Алматыда 300 орындық провизорлық орталық ашылды. 

Жанар Сәпиева, Алматы қалалық көпсалалы медициналық орталығының директоры:

Провизорлық орталықта жолаушылар бақылауда болады. Олардың дене қызуы және артериялық қысымы күніне екі рет өлшенеді. Мамандар олардың жағдайын сәт сайын сұрап отырады.

Ал Гонконг, Макао, Тайвань, Жапония мен Италияны шарлап келгендер өз үйінде қамалып оытруға мәжбүр. Франция, Германия, Таиланд, Әзірбайжаннан келгендер екінші санатқа кіреді. Бұлардың жағдайын дәрігерлер екі апта бойы телефон арқылы біліп отырады. Ал коронавирус аз тараған елдерден оралғандарға ешқандай шектеу жоқ. Десе де, ауру белгілері байқалса, олар тұрғылықты мекен-жайындағы емханаға баруы керек. Қазір Алматыдағы 36 емхананың бәрінде қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Әрқайсысының кіреберісінде кез келген адамның ыстығы арнайы құрылғымен өлшенеді. Егер дене қызуы байқалса, медбике бірден бетперде беріп, оқшау бөлмеге апарады. Мұнда дәрігер науқасты жіті тексеріп, сараптама алады. Егер денсаулығынан кінәрат табылған адамның шет елден келгені анықталса, бірден карантинге жабылады.

Гүлжайнат Тілеген, №36 емхананың бас дәрігері:

- Ол шетелде болып, 5-6 күн бұрын келдім десе, дене қызуы көтеріліп тұрса, онда дәрігер вирусқа шалдыққанын күдіктеніп тұрса, онда бас дәрігерге хабар береді. Бас дәрігермен сөйлесіп, екеуі ақылдасып, шұғыл бригаданы шақырады.

Ал сараптама аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберіледі. Мұндағы мамандар алты сағатта коронавирус бар-жоғын анықтайды. Алайда дәрігерлер ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге кеңес береді. Ол үшін алыс сапарларды кейінге қалдырып, жеке бастың тазалығына мән берген жөн.

Саят Кәуметбаев, Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім басшысы:

- Адам көп шоғырланған жерлерге бармау. Егер шет елге бір жұмыстарымен немесе саяхат мақсатымен барса, оны тоқтатата тұру. Және жеке бастың гигиенасын сақтау. Тұмау сияқты болғасын коронавирус ауа арқылы жұғады. Сондықтан медициналық масканы тек қана сондай ауру пайда болғанда кию керек.

Алматылықтар! Коронавирус туралы сұрақ туса, call-орталыққа – 1406 нөміріне хабарлассын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.