{metadescription}
Оңтүстік Кореядан ұшып келген қазақстандықтар карантинге жатқызылды   
Оңтүстік Кореядан ұшып келген қазақстандықтар карантинге жатқызылды   

Оңтүстік Кореядан ұшып келген қазақстандықтар карантинге жатқызылды   

Бүгін елімізге коронавирус кеселі ушыққан Оңтүстік Кореядан тағы 200-ге жуық адам келді. Олар дереу қоғамнан оқшауланып, Нұр-Сұлтан қаласында карантинге жатқызылды. Дәл осы рейсте жолаушылардың 80 шақтысы – өзге елдің азаматтары.  

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Ұшақ ішінде 178 жолаушы бар, оның 85-і – транзитті жолаушылар. 31 адам – Ресей Федерациясының өкілдері, 51 – Өзбекстан азаматтары және үш – Грузия азаматы бар. Қазақстандық 93 азамат, олардың екеуі – бала. Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық орталықтарға 14 күнге карантинге жатқызылады.

Соңғы екі күнде бұл Оңтүстік Кореядан Қазақстанға келген екінші ұшақ. Кеше ғана Алматы әуежайы Сеулден ұшып келген рейсті қабылдаған болатын. Бортта 200-ге жуық адам болды, олардың 97-сі – өзге елдің жолаушылары. Атап айтқанда, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея және Тәжікстан азаматтары. Транзиттік жолаушылар әуежайда өз бортын күтіп, еліне ұшып кеткен. Ал қазақстандықтар Алматыда карантинге жатқызылды. Енді жерлестеріміз 14 күн бойы ауруханада жатып, емделеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде