{metadescription}
Президенттің шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін
Президенттің шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін

Президенттің шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін

Коронавирус қаупіне байланысты президенттің шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін. Ал мемлекеттік қызметкерлердің шет мемлекеттерге іс-сапарлары тоқтап тұр. Кеше ғана бас санитар дәрігер коронавирус ел аумағында тіркелуі мүмкін екенін айтып, жұртты дүрліктірген. Дегенмен бүгін қауіпті дерт белгісі табылған жоқ.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:

- Коронавирусқа байланысты ешқандай мемлекеттік қызметте қазір шектеу жоқ. Құдайға шүкір, қазір бізде, Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың тізілімі жоқ. Әзірге шетелдердегі іс-сапарлардың бәрі тоқтап тұр.

Ал Сыртқы істер министрлігі «президент сапарларында өзгеріс болуы мүмкін бе?» деген сауалға нақты жауап бере алмады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет мынадай: 11-ші наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр. 90 адам дене қызуымен және жұқпалы респираторлық вирус инфекциясымен емдеуге жатқызылды. Оның 52-сі шығарылған. Қалған 38 науқас стационарда жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.