{metadescription}
Коронавирус тараған 116-шы мемлекет анықталды
Коронавирус тараған 116-шы мемлекет анықталды

Коронавирус тараған 116-шы мемлекет анықталды

Коронавирус Түркияда да тіркелді. Қауіпті дертті шетелде болып келген сол елдің азаматы әкелген. Ауруды жұқтырып келгені карантинде жатқанда анықталған. Қауіпті кеселмен алғаш рет бетпе-бет келген жергілікті билік бұл жағдайдан соң әуежай мен қоғамдық жерлердегі қауіпсіздік шараны одан сайын күшейтті.  

Коронавирус жұқтырған Түркия азаматы біраз уақыт Еуропада саяхаттаған екен. Яғни, бір емес, бірнеше мемлекеттте болған. Қазір дәрігерлер оның отбасын да бақылауға алды. Осылайша, Түркия коронавирус тараған 116-шы мемлекет атанып отыр. Ал вирустың ең қауіпті ошағы – Италия. Мұнда соңғы бір тәулікте ғана мыңнан аса адам ауру жұқтырып, 168-і көз жұмды. Жағдайдың ушыққаны сонша, жұрт көшеге шығудан қалды. Ал тағамын туристер сүйсініп жейтін атақты дәмханалар мен пицца мен паста дайындайтын орындар жабылып тынды.

Ал Қытай аурудың бәсеңдегенін мәлімдеді. Мұнда соңғы бір тәулікте 20 адам ауруханаға түсіпті. Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар 113 мыңнан асады.           

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде