{metadescription}
Ақмола облысында мүгедек спортшылар мемлекетік сыйақыдан қағылған
Ақмола облысында мүгедек спортшылар мемлекетік сыйақыдан қағылған

Ақмола облысында мүгедек спортшылар мемлекетік сыйақыдан қағылған

Мүгедек спортшылар мұңы! Ақмола облысында 240 мүгедек спортшы алған марапаты үшін мемлекеттен берілуі тиіс сыйақыдан қағылдық деп шу шығарды. Жүлделі орындар үшін дені сау спортшыларға берілетін қаражат екі жылдан бері мүгедек спортшыларға тимейтін болыпты. Тіпті денсаулығында кінәраты бар ерекше адамдармен айналысатын жаттықтырушыларға да 2018 жылдан бастап қосымша ақы төлеу тоқтаған. Әділдік іздеген олар тиісті орындарға талай шағым түсіргенімен, мәселе шешілер емес.

«Мерген» мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы. Мекеме мүгедектер спортын дамытуға республикамыздың барлық өңірінде 2014 жылы ашылған. Ақмола облысындағы аудандарда қазір осы клубтың 10 бөлімшесі жұмыс істеп тұр екен. Онда туа немесе түрлі себептермен мүгедек болып қалған жандар спорттың түр түрімен айналысады.

Еркін жеңіп, жігерін жанып шынығу үшін спорт кешендеріне жетудің өзі оларға оңай емес. Бірақ белсенді өмірге құлшына араласуға спорттың берері көп дейді 16 жылдан бері стол теннисімен айналысып жүрген Рамазан Мұқатаев. Ол осы уақытта спорт шеберлігіне кандидаттыққа қол жеткізген. Талай чемпионаттарда озық шығып, жетістікке жеткенде бір марқайып қалады екен. Бір «әттеген-айы» өзі сияқты спортшыларға жүлделі орын алғанына төленер сыйақы тоқтап қалыпты.

Рамазан Мұқатаев, спортшы:

Өкінішке қарай,ұлттық  құрама кірген спортшылардың өзіне ешқандай ақшалай сыйақы берілмейді. Басқа облыстарда кім жүлделі орын алады белгілі бір мөлшерде төленеді. Әрине, спорт денсаулығымыз үшін де, өмір сүруіміз үшін де қажет. Бірақ, мен сияқты жағдайға түскендердің ынтасын арттыруға бұрынғыдай сыйақы төленіп тұрса.

Бұндай төлемнен екі жылдан бері жаттықтырушылар да қағылған. Мүгедектермен жұмыс істейтін мамандар біздің жұмысымыздың ерекшелігі ескерілмеді деп отыр. Бір айта кетер жайт – жүлделі орын алған дені сау спортшылардың барлығына түрлі мөлшерде осы қаражат төленеді. Ал спорт басқармасындағылар үкіметтің тізіміне сілтейді.

Әсет Бүкібаев, Ақмола облыстық Дене шынықтыру жіне спорт басқармасының басшысы:

- Қосымша қаржыландыру мәселесіне келгенде, 2018 жылы комиссия Үкімет қаулысына назар аударған. Ондағы тізімде бұл мекеме болмай шықты. Сондықтан, төлем тоқтатылған. Біз бірнеше рет комитетке, министрлікке хат жолдап көмек сұрадық. Биылдан бастап тізімге енгізетін болды. Кешікпей төлене бастайды.

Бірақ өткен екі жылға көк тиын да төленбейді. Осы мәселемен қалалық сотқа жүгінген жаттықтырушылардың өтініші қанағаттандырылмаған. Қазір олар апелляциялық сотқа шағым әзірлеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде