{metadescription}
Қазақстаннан 160 мың медициналық бетпердені шетел асырмақ болған
Қазақстаннан 160 мың медициналық бетпердені шетел асырмақ болған

Қазақстаннан 160 мың медициналық бетпердені шетел асырмақ болған

Пысықайлар Павлодар облысында 160 мың медициналық бетпердені шетел асырмақ болған. Оны Ресей мен Моңғолияға жеткізу көзделіпті.

Моңғолияның азаматтары өз еліне 8 мың бетпердені алып кетпек болған. Осыншама медициналық тауардың не үшін қажет болғанын олар түсіндіре алмады. Ал Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 150 мың бетпердені Новосібірге жеткізуді көздеген. Ең қызығы, бұл тауарды заңға сәйкес ешкім тәркілей алмайды. Тек елден шығаруға тыйым салынған.

Индира Әбілова, Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

Медициналық маскаларды, жалпы медициналық бір реттік заттарды жеке пайдалануға арналған, оны өткізуге тыйым салынған. Ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған. Мәжбүрлеп алу немесе әкімшілік жауапкершілік алмайды. Демек, тыйым салынып, бұл заттар елімізде қалады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде