{metadescription}
Коронавирус әлемдік жұлдыздарға да жұқты
Коронавирус әлемдік жұлдыздарға да жұқты

Коронавирус әлемдік жұлдыздарға да жұқты

Коронавирус әлемдік жұлдыздарға да жұқты. Әйгілі актер Том Хэнкс пен әйелі Рита Уилсонның ағзасынан қатерлі індет анықталған. Бұл туралы екі мәрте «Оскар» иеленген Голливуд жұлдызының өзі хабарлады. Сондай-ақ, «Ювентус» футбол клубының қорғаушысы Даниэле Ругани де қауіпті инфекциямен сырқаттаныпты.

Австралияда киноға түсіп жатқан 63 жастағы Том Хэнкс әйелімен бірге екі апта карантинге жатқызылған. Коронавирустың қауіп төндіргені соншалық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің әлем бойынша белең алғанын мойындап, пандемия деңгейіне жеткенін жариялады. Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алдағы күндері инфекцияны жұқтыру, өлім дерегі мен зардап шеккен елдер саны «әлі де артуы мүмкін» екенін айтады.

Соңғы мәлімет бойынша, әлемнің 118 елінде 124 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 4 мың 607 науқас қайтыс болған. Айта кетейік, коронавирус Қытай, Италия, Иран және Оңтүстік Кореяда қатты өршіп тұр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.