{metadescription}
Ақтөбеде үлескерлер шу шығарды: Ақша да жоқ, үй де жоқ
Ақтөбеде үлескерлер шу шығарды: Ақша да жоқ, үй де жоқ

Ақтөбеде үлескерлер шу шығарды: Ақша да жоқ, үй де жоқ

Ақтөбеде үлескерлер шу шығарды. Тұрғын үй алуға ақша салғандар енді «құр алақан қаламыз ба?» деп қорқады. Себебі, «Жилище» деп аталатын компанияның басшысын алаяқтық жасады деген айыппен қамауға алған. Енді жазда бітуі тиіс үйдің құрылысы тоқтап тұр. Ал үлескерлер салған ақшасы мен баспананы кімнен дауларын білмейді.

45 пәтерлі үйдің құрылысы жоспар бойынша жазда бітуі тиіс болған. Бірақ бірінші қабатын көтермей жатып-ақ құрылыс тоқтапты. Онымен қоймай, «Жилищенің» есеп-шотындағы үлескерлердің бар ақшасын басшылары шешіп алған.  

Гүлназ Ізбасарова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Біздің ақшамызды қайтарсын немесе үй салып берсін. Бірақ есепшотта ақша жоқ. Тек тоғыз миллион қалған. Қазан айында 90 миллион шешіп алған. Желтоқсанда 100 миллион шешіп алған.        

Енді салған ақшамен қоса баспанадан да қағылған үлескерлер оны кімнен дауларын білмей дал болып отыр.

Гүлнар Оразалина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Мен үш бөлмеге 10 миллион салып тастадым. Енді қазір, міне, білмеймін, ақша да жоқ, үй де жоқ. Ана кісі ұсталып жатыр. Бір ай болды, білмеймін әрі қарай айтпайды. Әкімге бардық, жан-жақтың бәріне бардық. ГАСК-і, архитектура, әкім, прокуратура – барлық жаққа арыз жаздық.

Тәртіп сақшылары тұрғын үй кооперативі басшысының қамауда отырғанын растады. Оның үстінен бұған дейін салынған басқа үйдің иелері арызданған. Оларға үйдің сапасы ұнамаған.  

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Алааяқтық дерегі бойынша құрылыс мекемесі жетекшісіне қатысты қылмыстық іс зозғалып, тергелуде. Қазір аталмыш құрылыс мекемесінің жетекшісі қамауға алынды.

Қазір құрылыс басында күзетші де жоқ. Үлескерлермен кездесуге келген мекеме өкілі басшысыз түк істей алмай отырғанын айтады.

Андрей Шаульский, «Жилище» компаниясының өкілі:

- «Жилище» кооперативінің жетекшісі Нұрлан Әлиұлы қамауда. Келісім-шартқа тұру, қаржылық мәселелер тек сол кісінің басшылығымен жүргізіледі. Үлескерлер салған ақша құрылыс жұмыстарына жұмсалды. Енді кооперативке басқа төраға сайлау керек пе, сол мәселені қарастырыңыздар.

Үлескерлер жаңа төрағаны тергеу аяқталып үкім шықпайынша, әзір сайлай алмайды. Шенеуніктер мен құзырлы органдардан осындай жауап берген. Құрылысты жалғастыруға орталарынан бір басшыны тағайындаған күннің өзінде қолдарында ақша жоқ. Сондықтан баспанасын даулағандардың енді шығынды өндіру үшін сот есігін жағалаудан басқа амалы қалмайды.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде