{metadescription}
Жылжымайтын мүлік нарығында дүрбелең басталды
Жылжымайтын мүлік нарығында дүрбелең басталды

Жылжымайтын мүлік нарығында дүрбелең басталды

Теңгенің құлдырауы тұрғын үй бағасына да әсер етті. Соңғы бір аптада жылжымайтын мүлік нарығында нағыз дүрбелең басталған сияқты.

Себебі, кейбір құрылыс компаниялары баға саясатын қайта қарай бастаған. Ал банктер ипотекалық несие пайызын өсірді. Осыдан секем алған жұрт жапа-тармағай баспана сатып алуға асығып жатыр екен. Әсіресе су жаңа пәтерлерге деген сұраныс артқан. Сондықтан сарапшылар енді салынып жатқан баспаналар алдағы уақытта 5-7 пайызға қымбаттауы мүмкін деп отыр. Өйткені ипотекалық несие пайызы өскелі бері тұрғындар 7-20-25 бағдарламасымен үй алуға ұмтылуда. Оның талаптарына сай, пәтер енді ғана пайдалануға берілген болуы тиіс. «Сол себепті жаңа баспаналарға сұраныс артып, баға қымбаттайды», - дейді мамандар. Ал қолданыстағы пәтерлер керісінше, 7-10 пайызға арзандайды деген болжам бар. Өйткені «Баспана хит», «Орда» секілді ипотекалық бағдарламалардың пайыздық мөлшерлемесінің өсуіне байланысты ескі баспаналарға деген сұраныс 10-15 пайызға азаяды дейді сарапшылар. Тиісінше, қарапайым халық армандаған баспанасына жете алмай, жалдамалы пәтерлердің де бағасы артуы мүмкін деген жорамал айтылуда.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде