{metadescription}
Өңірлерде той-тоймалақ тыйылмай жатыр
Өңірлерде той-тоймалақ тыйылмай жатыр

Өңірлерде той-тоймалақ тыйылмай жатыр

Төтенше жағдайға қарамастан, жүздеген адамға той жасайтындар тыйылмай отыр. Әсіресе күн райы қолайлы оңтүстік түрғындары ауласында дастархан жайып, жақындарын жинауын қояр емес. Кешелі бері ел бойынша әкім-қаралардан бастап, тәртіп сақшылары ойын-сауық орындары мен мейрамхана, дәмханаларды жаппай тексеруге кіріскен. Кәсіп иелері сонда да ескертуге құлақ аспай отыр.  

Қазір ауыл, аудан әкімдерінен бастап, облыс орталығы басшысының орынбасарларына дейін дәмхана мен мейрамхана жағалап жүр. Қыдырыстап емес, әрине. Есертуді елемегендерді тезге салмақшы.

Төтенше жағдай енгізілген. Компьютер клубтары 15-ші наурыздан бастап жабылды. Сөндіріңдер, жабыңдар!

Ақтау әкімі орынбасарының қаһары қатты. Тыйымға қарамастан, түн ортасында ойын-сауық орындары жұмысын тоқтатар емес. Ал кәсіпкерлер «білмедік деп» ақталуда.

Иван Мальцев, ойын-сауық орталығының меңгерушісі:

- Ол ережеден бейхабар екенбіз. Танысып үлгермедік. Бізге келіп біреу ескертсе болар еді. Жұмысты тоқтатыңдар десе, тоқтатамыз.

Бір Ақтаудың өзінде шенеунік бас сұққан 14 дәмхананың кешкі оннан кейін мейман қабылдап жатқаны анықталды. Қарсылық білдірмек болған бір кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылды.

Серік Гусман, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

- Бірқатарын жаңа көрдік, ашық жасап жатқанын. Жаңағыдай орталықтар бар. Барлар. Оларға ескерту жасалды. Біздің көзімізше шара қолданып, танысып, кафе-барлар жабылды.   

Түркістандағы той. Дастан есімді тұрғын қос ұлын сүндетке отырғызып, ауласында жақындарына дастархан жайыпты.

- Тойханада тойға тыйым салынды. Құдай қаласа, ауылда рахаттанып отырмыз. Сүндет тойда отырмыз.  

Қонақтары «рахаттанып» отырғанымен, той иесі айыппұл арқалады. Жүзден аса адамды шақырғаны үшін, әрі кешкі сағат 22-ден асқанда мейман қабылдауға рұқсат жоқ. «Той десе қу бас домалайды» деп, індетті пысқырмайтындарды тәртіпке шақыру қиын екенін айтады мамандар.

- Болмайды, болмайды, қимылдаңыздар, тез, тез...

Таразда да тыйымды тыңдамағандар бар. Қаланың қақ ортасындағы «Золотая рыбка» деген көңіл көтеру орталығының иесіне айыппұл салынды.

Бір Ақтөбенің өзінде 200-ден аса мейрамхана мен дәмхана бар. Бірақ мұндағы шенеуніктер әзір тексеруге шықпаған. Бақылауға алуды «мәслихат депутаттарының мойнына жүктедік» дегенді айтады. Ең қызығы, ондағы халық қалаулыларының жартысы сол дәмханалар мен мейрамханаларға иелік етеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде