{metadescription}
Алматы орталық дәріханасында қымбат бетперде алған жұрт ашуға булықты
Алматы орталық дәріханасында қымбат бетперде алған жұрт ашуға булықты

Алматы орталық дәріханасында қымбат бетперде алған жұрт ашуға булықты

Алматыда медициналық бетперде тапшы! Жаһанды дүрліктірген сырқаттан сақтанғысы келген қараша халық қаладағы орталық дәріхана алдында сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Өйткені олар дәрі-дәрмек сататын басқа орындардан медициналық бетперде таппаған.

Тұрғындардың тағаты таусылса да, ұзын-сонар кезекте қанша уақыт болса да тұруға бар. Өйткені көптің сұранысына ие медициналық бетперде мен қолды залалсыздандыратын заттар қаладағы басқа дәріхана сөрелерінде әлдеқашан таусылған. Ал бүгінде саудасы қызып тұрған бұл құралдардың құны мұнда да қымбаттап кеткен. Бір данасы - 200 теңге. Осылайша кезегі жетіп, кері қайтып жатқандардың да қабағы қатулы. Ашуға булыққан тұрғындар бүгін де жұмыссыз қалғанын айтып, енді қай ақшамызға сатып аламыз деп отыр.

- Мына 50 теңгеден сатқан нәрсені бизнес болып жатыр ма, білмедім, түсінбедім. 1000 теңгеге бесеуін қалай аламыз? Түсінбедім. Сонда қазір соңғы 1000-ақ теңге қалды. Қай жаққа барарымды білмеймін. Үйде көп адам тұрамыз. 5-ақ дана кімге жетеді?!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде