{metadescription}
Туристік қамқор: Елге қайтуға асығыңдар
Туристік қамқор: Елге қайтуға асығыңдар

Туристік қамқор: Елге қайтуға асығыңдар

Елге қайтуға асығыңдар! «Туристік қамқор» қоры шетелде жүрген 10 мың қазақстандыққа осындай үндеу тастады. Қазір қор мамандары коронавирусқа байланысты Қазақстанға қайта алмаған туристерді чартерлік рейстер арқылы тасымалдауда. Айта кетейік, мұндай көмек туристік код алған азаматтарға ғана көрсетіледі.

Біз Қазақстаннан карантинге жабылмай тұрып, Мысыр еліне демалысқа шығып кеткен едік. Қазіргі таңда жақсы демалып жатырмыз. Ешқандай қорқыныш жоқ. Біздің еліміз бұл жерде қалдырмайтынын, Қазақстанға қайтару шараларын ұйымдастырып жатқанын білеміз.

Елден көмек күтіп отырған отандасымыз аты-жөнін айтуға қарсы. Енді демалысының шырқы бұзылса да, кері қайтуы тиіс. Себебі, Мысыр коронавирусқа байланысты карантин жариялап, шекарасын жауып, интернетті мүлдем өшірген. Соңғы бір айда Қазақстаннан Мысырға ең көп турист аттаныпты. Қазір 10 мың отандасымыз шетелде саяхаттап жүр. Соның 4 мыңы чартерлік, қалған 6 мыңы стандартты әуе рейсімен ұшқан. Біразы шұғыл түрде елге қайтарылды. Оған жауапты - «Туристік қамқор» қоры.

Инна Рэй, «Туристік қамқор» қорының төрайымы:

Сыртта қыдырып жүрген отандастарымызға айтарым: қазір ештеңеге сенімді болмай, елге қайтыңыздар. Мейлі, қонақүйдің ақысы төленіп, кері қайтуға ұшаққа билетіңіз болса да, бейқам жүрмеңіз. Себебі, көптеген ел транзиттік бағытта ұшатын рейстерін жаппай тоқтатып жатыр. Карантин кезінде сол елде қалып қоюыңыз әбден мүмкін.

Қор мамандары Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп жоспар құрған. Сыртта қалған туристер туралы ақпаратты туристік агенттіктер мен операторлар ұсынып отыр. Бүгін Мальдив аралына соңғы рет ұшақ жіберілмек. «Шаржадағы туристерді Атырауға әкелеміз, Коломбо мен Пхукетте де чартерлік жібереміз», - дейді. Ал туристік жолдама сатқандар екі оттың ортасында қалған. Қыруар шығынға батқан туристік операторлар шарасыз күйде.

Индира Малбекова, туристік агенттіктің басшысы:

Ешқандай жолдама сатылып жатқан жоқ, сұраныс та жоқ қазір. Оған қоса алдын ала сатылған жолдамаларға туристер қазір бізден ақшасын сұрап жатыр. Біз ол ақшаны қайтара алмай жатырмыз. Өйткені оларды біз туроператорларға төлеп қойғанбыз. Туроператорлар өз тарапынан оларды шетелдік қонақүйлерге, ұшақтардың билеті үшін төлеп қойған.

Әдетте жұмысы қызу қайнайтын кеңселерде қазір өлі тыныштық. Қызметкерлері ақысыз демалыста. Олардың жалақысы мен кеңсенің ақысын төлеу – бөлек әңгіме. Оған қоса Доминиканға жолдама сатып алғандардың қаржысын кері қайтару күрделі мәселе.

Индира Малбекова, туристік агенттіктің басшысы:

Қонақүйлер ақшаны қайтармаймыз деп жатыр. Өйткені егер карантин болып жатса, егер ұшақтар ұшпай жатса, ол сіздердің мемлекеттеріңіздің ішкі қаулысы, ал бізде ондай проблема жоқ.

«Туристік қамқор» қоры алдағы екі тәулікте туристерді жаппай елге қайтаруы тиіс. Әйтпесе демалыста жүрген елде карантин аяқталғанша қалып қоюы мүмкін. Сондықтан туристік код алғандар экранда көрсетілген нөмерге хабарласуы керек. Ал туристік кодсыз қарапайым жолдама алған азаматтар өз қаражатымен елге қайтады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде