{metadescription}
Алматылықтарға қандай шектеу қойылды? Білуге тиіс мәліметтер
Алматылықтарға қандай шектеу қойылды? Білуге тиіс мәліметтер

Алматылықтарға қандай шектеу қойылды? Білуге тиіс мәліметтер

Алматы әкімдігі қала қонақтарының шығып, сыртта жүргендердің қайта келуіне 72 сағат берді. Яғни, үш тәулік ішінде кез келген бағытқа автобус, пойыз және ұшақтар қатынайды. Одан кейін қала толық карантинге жабылмақ. Тағы қандай шектеулер қойылады? Қала тұрғындары нені білуі тиіс? Қала әкімдігі карантиндік режимге қатысты қандай өзгерістер қабылдап жатыр?

Алматы әкімдігі бүгін карантинде қандай шаралар атқарылатынын баяндады. Жергілікті билік: «Әлеуметтік маңызы бар тауардан тұрғындар таршылық көрмейді» деп отыр. Ал осындай сәтте бағаны көтеріп, халықтың қалтасын қағатындар қатаң бақылауға алынбақ.

Ертеңнен бастап осыған дейін қыз-қыз қайнаған қаланың тіршілігі де уақытша саябырсиды. Өйткені шаһардағы мейрамхана, сауда орталықтары, құрылыс материалдарын сататын орындар, фитнес, жаттығу залдары, спа және сұлулық салондарының есігі жабылады. Карантинде тек азық-түлік сататын дүкендер мен 6 базар жұмысын жалғастыра бермек. Ол: «Жұлдыз», «Барыс-4», «Береке», «Қарасу», «Саудакент» және «Ақ-Бұлақ» базарлары. «Тастақ», «Кәрім», «Ақсай-3», «Арыстан», «Сарыарқа», «Орбита» сынды 17 әмбебап базар ішіндегі азық-түлік нүктелері жұмыс істейді. Осы ретте тамақ жеткізу қызметтеріне көп көңіл бөлініп, онлайн-дүкендердің жұмысы жанданады.

Сапарбек Тұяқбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

Қалада азық-түлік қоры үш айға жетеді. Әлеуметтік маңызды 19 түрлі тауардың түрі бар. Олар тиісті көлемде сырттан жеткізіледі. Еш кедергі болмайды. Сондай-ақ, шаһардағы 48 дәріханаға арнайы бейнебақылау орнатылған. Карантинде бетперде бағасын көтерген сатушылар жазаланады.

Ал коммуналдық қызметкерлер таңнан қас қарайғанша барлық көшелер мен тротуарларды күніне екі рет жуып, саябақтар мен балаларға арналған ойын, спорт алаңдарына дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбек. Білім саласы да төтенше жағдайға бейімделіп, онлайн-жүйеге көшеді. Соған қарамастан, мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы қысқармайды.

Гүлнар Айтқұлова, Алматы қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Ертеңнен бастап балабақшалар жұмысын тоқтатады. Демалыс аяқталған соң оқушылар қашықтық оқуға көшеді. Колледж студенттері 16 наурыздан бастап қашықтық оқуда. Және де арнайы білім мекемелерінде қалада 8 мекеме бар, олар тәрбие алып жатыр. Қосымша білім беру орталықтарының жұмысына да тыйым салынады. 

Ал қаланың кіреберісіне қойылған блок-бекеттер 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні сағат 12.00-де толығымен жабылып, қозғалыс шектеледі. Сондықтан басқа өңірде жүрген жұрт үш күн ішінде Алматыға келіп немесе шаһардан шығып үлгеруі тиіс. Тиісінше, автобус, пойыз бен ұшақтар белгіленген межеге дейін кез келген бағытқа қатынай береді. Ал қала ішінде қозғалыс шектелмейді. Қоғамдық көліктер бұрыңғы тәртіппен жолаушы тасымалдай береді. Тек автобустардың уақыт қатынасы алшақтайды.

Бірақ әкімдіктегілер халық көп шоғырланған орындарға бармай, үйден шықпауға кеңес береді. Қауіпті кесел дендеп тұрған кезде тұрғындарды тәртіпке бағынып, сақтанып жүруге шақырады.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.