{metadescription}
Сенат спикері Алматыда жұмыс істейтін облыс тұрғындарының мәселесіне алаңдаулы
Сенат спикері Алматыда жұмыс істейтін облыс тұрғындарының мәселесіне алаңдаулы

Сенат спикері Алматыда жұмыс істейтін облыс тұрғындарының мәселесіне алаңдаулы

Алматы облысының 500 мыңнан астам тұрғыны Оңтүстік астанада жұмыс істейді. Елде жарияланған төтенше жағдай мен карантин оларға қатты әсер етуі мүмкін. Тұрғындардың мәселесіне алаңдаған Сенат спикері депутаттар мен шенеуніктерге бұл жағдайды жіті бақылауда ұстауға шақырды.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Алматы облысының 500 мыңнан астам адамы, оған олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Алматыда уақытша немесе тұрақты жұмыс істейді. Бұдан бірнеше мәселенің туындайтынын көруге болады. Менің ойымша, мемлекеттік органдар, депутаттар бұл жағдайға ерекше назар аударуы қажет. Бізге батыл шешімдер қажет. Індетпен күресу үшін ерік-жігер, табандылық керек. Сақтықты да ұмытпайық.

Спикер сондай-ақ, сенаторларға төтенше жағдай кезінде іс-сапарға шығуға, көпшілік шаралар өткізуге тыйым салынғанын айтты. Бірақ заң шығару жұмысы жалғаса бермек.

Ал Сенат аппаратының 70-тен аса қызметкері қазіргі күні үйден жұмыс істеуде, қалғандары қысқартылған жұмыс күніне ауысқан. Сондай-ақ Жоғары палата депутаттары мен аппарат қызметкерлері коронавируспен күрес қорына біркүндік жалақысын аударатын болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде