{metadescription}
Карантиннің 1-күні: Елордада халық сұранысы артып барады
Карантиннің 1-күні: Елордада халық сұранысы артып барады

Карантиннің 1-күні: Елордада халық сұранысы артып барады

Енді азық-түлік дүкеніне барсаңыз, қашықтықты сақтаңыз! Тағы бір ескертетін жайт, дүкеннен тек белгілі бөлшерде ғана әлеуметтік маңызы бар тауарды сатып ала аласыз. Ережені сақтау міндетті. Бүгін вирустан оқшауланған Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы карантиннің алғашқы күні. Күннен-күнге өршіген инфекциядан халықты құтқаруға шенеуніктер барын салуда. Тіпті қонақ үйді аурухана қып өзгертіп жатыр.

Қос қаладағы азық-түлік сататын базарлар, супермаркеттер, дүкендер қалыпты жұмыс істеп тұр. Тек санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Тұрғындарға қатысты шектеулер қатары артты. Енді азық-түлік сатып алуға барған адамдар бір-бірінен кемі бір метрдей алшақ тұруы керек.

Жұрт күріш, қарақұмық, ұн, қант сияқты тауардың әрқайсысын бе келіден және тек бес литр күнбағыс майын сатып ала алады.  

Ерлан Бекмырзаев, Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

Жоғарыда көрсетілген нысандар қалыпты режімде үздіксіз жұмыс істеуі, санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтуі, кезекте тұрған сатып алушылардың арасында 1 метр алшақтық болуы керек. Азық-түлік тауарлары, оның ішінде көкөністер мен жемістерден басқа тауарлар, кептірілген жеміс-жидектер қапталған күйде сатылуы керек.

Еліміз бұл мезгілде киіз үйлер тігіп, Наурызға дайындалатын. Коронавирустың кесірінен Ұлыстың ұлы күнінің иісі сезілмейді. Он күн  бұрын қыз-қыз қайнаған екі қаладағы тіршілік су сепкендей басылды. Қай уақытта да болатын көлік кептелісі жоқ, адамдарға лық толған қоғамдық көліктерді көрмейсіз. Айтпақшы, жолаушылар автобустарының жүру уақыты қысқартылды, саны да азайды. Нұр-Сұлтанда бірден қоғамдық көлік 856-дан 676-ға, ал Алматыда 841 автобустың 739-ы қалды.

Қауіпті індеттен сақтану үшін аялдамалар, қоғамдық көліктер қайта-қайта залалсыздандырылып жатыр. Вирустың өршуі науқастар санын көбейтуде. Шенеуніктер «С» жоспарын іске асыруға кірісті. Бұл дегеніңіз, үлкен ғимараттарды ауруханаға айналдыру. Елордадағы ірі қонақ үй жақын күндері инфекция белгісі барларды қабылдамақ.

Жұлдыз Данбаева, Нұр-Сұлтан қаласы №3 көпбейінді емхананың директоры:

- Дезинфекциялаудың ешқандай қажеті жоқ. Бұл таза ғимарат. Жуып-тазалап, 1000 адамға орын дайындап жатырмыз. І, ІІ, ІІІ санатқа кіретін елдерден келген жолаушыларды, олардан әрі қарау жұқпалы ауру шығып қалса, жұқтырмасы үшін, алдын алу үшін осы жерге 14 күнге карантинге жатқызамыз.

Оңтүстік астанадағыдай коронавирус диагнозын анықтайтын қосымша сараптама орталықтары бас қалада да ашылмақ. Індеттің өршігенінен халықтың бұған сұранысы артыпты. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі қамданып жатыр. Қалталы меценаттар да үлес қосуға ниетті екен. Жақын күндері елорда әкімшілігі сараптама орталықтарының қайда орналасатынын жариялайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.