{metadescription}
Блок бекеттерден репортаж – Алматыны әбігерге алған карантин
Блок бекеттерден репортаж – Алматыны әбігерге алған карантин

Блок бекеттерден репортаж – Алматыны әбігерге алған карантин

Әбігерге салған карантин! Алматыда күшейтілген тәртіп түнде күшіне енгенімен, қаладан шығып-кіріп үлгермеген тұрғындар шу шығарды. Блок бекеттерде қайтерін білмей қаңтарылғандар енді үйіне жете алмай жүр. Қаланың шыға берісінде километрлерге созылған кептеліс түн жарымына дейін басылмады. Одан бөлек, блок бекеттердің арғы бетінде қалған ауыл тұрғындары да азық-түлік пен дәрі дәрмекті қалай аламыз деп алаңдаулы.

Кептелістің көкесін көпшілік карантин жарияланғанда көргендей. Түнгі сағат 12-ге дейін «Алматыға кіріп-шығып үлгеріңдер» деген хабарды бәрі естігенімен, жеме-жемге келгенде жағдай басқаша болды. Жіптей тізілген көлік қарасынан көз сүрінеді. Алматыға кірмек болған көліктердің бәрін қайтарып жатыр. Мына жаққа өтуге рұқсат жоқ. Тәртіп бәріне ортақ.

Абыр-сабдырда абдырағандар, тіптен кептелістің өзінде көліктерімен соғылып, ашуға беріліп жатты.

Бергі бетке өтпесіне көзі жеткендер көліктерін тастап, жаяу-жалпылап өтуге көшті.

Қалымбек Қаюпов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қазір үйге жаяу бара жатырмыз.

- Көлікті осы жаққа тастап кетесіздер ме?

- Иә, уақытша тұрады, қашан ашылады соған дейін тұрады енді.

Блок бекеттердің қайсында болмасын аудан әкімдері жүр. Бұқара базынасын түсінгенмен, тәртіп бәріне ортақ екенін алға тартады.

Санжар Тоғай, Наурызбай ауданының әкімі:

- Төтенше жағдай Алматыда енгізілді. Тек қана азық-түлік және басқа да халыққа қажетті тауарларды ғана кіргізуге бізде «жасыл дәліз» дейміз, соны қамтып жатырмыз.  

Түндегі ығы-жығы тіршіліктің келер күні беті қайтты. Кеше қымбат таксимен қайтып үлгермегендер бүгінгі лекпен өзге қалаларға өрекпімей кетіп жатыр. Бірақ облыста тіркеліп, қалада жұмысы барлар қайтерін білмей дал. Арғы беттен бер жаққа телміріп қараудан басқа амалы жоқ.

Ал Алатау ауданындағы саяжай тұрғындары оқшауланғаннан кейін қайдан нан мен су аларын білмей әлек.

Мейіргүл Ахметова, саяжай тұрғыны:

Бізде бұл жерде дүкен, дәріхна жоқ. Бұл жерде қарттар бар, жастар бар. Жұмыс істейтіндер бар. Сонда жұмыс істейтіндер бұл жаққа қалай барып-келіп жұмыс істейді?

Алматыда қазір 27 блок бекет күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп тұр. Үйіне оралып үлгермегендерді жіті тексеріп, өткізіп жатыр. Бірақ бұл жеңілдік 72 сағатта тоқтайды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Қандай да бір себептермен бүгін түнге дейін келіп үлгермеген азаматтар үшін кіруге болады, 22 наурызға дейін. Ал Алматыдан шығып кетуге болады. Басқа өңірлердің тұрғындары қандай да бір себептермен бүгін түнге дейін шығып үлгермеген.

Карантиннің салмағын әзір толық сезініп жатқан ешкім жоқ. «Көппен көрген ұлы той» деген тәмсілді тәспіһ еткендей. Ұлыстың ұлы күні Алматы сыртпен байланысты толық үзеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.