{metadescription}
Коронавирус кесірінен қоршауда қалған «Сұңқар» тұрғындарының хал-жағдайы
Коронавирус кесірінен қоршауда қалған «Сұңқар» тұрғындарының хал-жағдайы

Коронавирус кесірінен қоршауда қалған «Сұңқар» тұрғындарының хал-жағдайы

Коронавирус кесірінен Алматыда бүтін бір тұрғын үй кешені қоршауға алынды! Себебі, тұрғындардың бірінен кесел белгілері табылған. Қауіпті індет қала ішіне таралып кетпес үшін сақшылар кешендегі кіреберістердің барлығын жаптырып тастады. Енді жарты ай бойы элиталық үйден ешкім аттап басып шыға алмайды. Қоршауда қалғандардың хал-жағдайын тілшіміз білуге тырысты.  

Коронавирус табылған міне «Сұңқар» тұрғын үй кешені. Аты айтып тұрғандай, ғимарат 14 қабаттан тұрады және қаладағы ең элиталы үйлердің бірі саналады. Мұнда жедел-жәрдем көлігі тұр және тәртіп сақшылары мен Ұлттық Ұлан сарбаздары үйді қоршауға алған. Қазір мұнда ешкімді не кіргізіп жатқан жоқ, не шығарып жатқан жоқ. Ал қоршауда қалып қойған тұрғындар жалғыз дүкеннен керек-жарағын, азық-түлік алып жатыр.

Коронавирус жұқтырған науқасты үйінен түн ортасында алып кеткен. Сондай-ақ, онымен тілдескен тағы бірнеше адам ауруханаға түсті. Осыдан кейін тұрғын үй кешенінің төрт жерінен темір қоршаулар қойып тастаған. Ал тұрғындарға тек аулаға шығып, таза ауа жұтуға рұқсат етілді. Жалпы «Сұңқарда» қалталылар ғана тұрады. Өздерінің қоршауда қалғанын олар ұйқыдан тұрғанда бір-ақ білген.       

Сергей Соколов:

Түнгі 12-ден бастап қоршаулар қоя бастады. Далаға шықпақ болып едік, шығармай қойды. «Карантинге жабылдыңдар, шығуға болмайды» деді. Көрші үйден бір адам коронавирус жұқтырды деді.

Ресми хабарламаларда тек қана «Сұңқар» тұрғын үй кешені ғана қоршауға алынды делінген. Бірақ, тұрғындардың өздерінің айтуынша,  «Сұңқар» тұрғын жайымен бірге қоршалып тұрған үш бірдей көп қабатты үй де сол қоршауда қалып қойыпты.

Ал қоршау ішіндегі жалғыз дүкенде азық-түлік қайта-қайта таусылып жатқанға ұқсайды. Себебі, жеткізу қызметтері бірінен соң бірі келіп жатыр. Ал дүкендегі макаронды жеп үйренбеген қалталылар супермаркеттерден тамақ алдыруда. Карантинге жабылған үйден жедел жәрдем де үзілмейді. Ішке түгелдей тұмшаланып кірген дәрігер біздің көзімізше бір науқасты алып кетті. 

Бүгіннен бастап әлі 15 күндей бұл үйден ешкім ешқайда шығарылмайды. Карантин осы уақытқа белгіленіп отыр. Бірақ жағдайға бұл тағы ұзартылуы мүмкін дейді мамандар. Әдетте мұндай үйде тұратын тұрғындар бір-бірін танымайды. Көршілер араласпайды. Енді осы кемшіліктің орнын толтыруға олардың толық мүмкіндіктері бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде