{metadescription}
Сүреңсіз статистика: Коронавирус жұқтырғандар 5 адамға өсті
Сүреңсіз статистика: Коронавирус жұқтырғандар 5 адамға өсті

Сүреңсіз статистика: Коронавирус жұқтырғандар 5 адамға өсті

Сүреңсіз статистика тағы толықты. Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны бүгін 5 адамға өсті. Қазір елде қауіпті дертке шалдыққан 49 азаматтың 25-і – Нұр-Сұлтанда, 22-сі – Алматыда, 2-уі –  Қарағандыда. «Жүйелі емнің арқасында көбінің дене қызуы түсіп жатыр», - дейді қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасындағылар.

Тілеухан Әбілдаев, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшысы:

- Бұл стационарда жатқан аурулардың бүгінгі таңда вирусқа қарсы симптомдық ем алуда. Ем қорытындысы бойынша денсаулықтары жақсарып келе жатқаны анықталады. Бұл олардың дене қызуының қалыпты жағдайға түскенінен байқалады.

Алматыда бүгін коронавирус анықталған үш азаматтың біреуі Берлин-Алматы чартерлік рейсінің борт серігі болып шықты. Екіншісі – қала тұрғыны. Ал үшіншісі – Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген 1997-ші  жылғы азамат. Ал коронавирусқа шалдығып ауруы асқынған екі жасар қыздың жағдайы сол қалпы. Қазір ол анасымен бірге ем алып жатыр.

Жалпы еліміз бойынша 860 адам стационарлық карантинде болса, 2611 адам үйінде оқшауланған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде