{metadescription}
Елордалық волонтерлар бес мыңға жуық отбасына көмек бермек
Елордалық волонтерлар бес мыңға жуық отбасына көмек бермек

Елордалық волонтерлар бес мыңға жуық отбасына көмек бермек

Елордалық көмекке зәру отбасыларға еріктілер қол ұшын созып жатыр. Әр үйге ең қажетті деген азық-түліктермен бірге, тұрмыстық тауарлар жеткізуде. Күні-түні бұл жұмыстарға тартылған жастарға ешқандай ақы төленбейді. Төтенше жағдайда қиындықты бірге еңсеруге үн қатқан волонтерлардың ісіне тілшіміз куә болып қайтты.

Бұл жерде бос жүрген ешкім жоқ. Қысылтаяң кезде жастар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге жұмыс істеуде. Қораптарды реттеу, санау, тізу сияқты шаруаларды бөліп алған. 

Бағдәулет Жанділдәев, волонтер:

- Бұл жұмысты ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап кеттік. Қазіргі кезде бұл жерде «Астана жастары» мемлекеттік мекемесі, «Жас Отан» жастар қанатының және Ұлттық еріктілер желісінің еріктілері жұмыс жасауда.

Себеттердің ішінде керектінің бәрі бар: ұн, қант, май, шай. Сонымен қоса, тапшы болған медициналық бетперде, антисептиктер де алынған.

Әр мұқтаж отбасыға азық-түлік, тұрмыстық заттарды таратудан бөлек, оларды қорап, дорбаларға бөлу үлкен жұмыс. Волонтерлар таңғы жұмысын сағат оннан бастайды. Жеке бас гигиенасы – міндетті. Яғни, әрбір адамға медициналық киім берілген.

Төрт күннен бері елордадағы супермаркет көтерме сауда орнына айналғандай. Жүк көліктеріне азық-түлік және тұрмыстық заттар салынған қораптар сағат сайын тиеліп жатыр. Бұлардың ешқайсысы сатылмайды. Керісінше, жағдайы төмен елордалықтарға тегін таратылады. Үйіне жеткізілген себетті алғандар өз уәжін айтып қалды.

Гүлзия Кашкова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Мен мүгедек бала бағып отырған анамын. Жәрдемақы аламын. Бізге арба берген, бірақ ол қолайсыз, құлай береді. Қаншама жерге сол туралы жаздым. Мүгедектер арбасын жеті жылда бір береді.

Акция аясында 5 мыңға жуық отбасы қамтылмақ. Бүгінгі күні еріктілер мыңнан астам дорбаны мұқтаж жандарға жеткізіп берген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.