{metadescription}
Ресейлік сарапшылар: Жыл соңына дейін мұнай бағасы қайта көтеріледі
Ресейлік сарапшылар: Жыл соңына дейін мұнай бағасы қайта көтеріледі

Ресейлік сарапшылар: Жыл соңына дейін мұнай бағасы қайта көтеріледі

Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы арзандады. Брент маркалы қара алтынның баррелі тағы 8,22 пайызға құлдырап, 25 доллардан сатылып жатыр.

Жоғарғы сұрыпты мұнайдың өзі осылайша құнсызданып жатқанда, қазақстандық шикізаттың бағасы тіпті арзан. Өйткені бізде өндірілетін қара алтын Юралс маркасы бойынша сатылады. Ал оның бағасы Брентке қарағанда 2-3 долларға арзан. Демек, біздің мұнайдың әлемдік нарықтағы құны 22 долларға түсіп қалды деуге негіз бар. Бұл баға мұнай өндіруге кететін шығындарды да жаппайтыны анық. Өйткені Қазақстанда қара алтынның өзіндік құны орташа 25 доллар көлемінде екен. Десе де, ресейлік сарапшылар жыл соңына дейін мұнай бағасы қайта көтеріледі деген болжам айтуда. Тіпті 2021 жылдың екінші жартысында қара алтынның баррелі 60 долларға дейін қымбаттайды деген долбар бар. Ал әзірге мұнай арзан болғанымен, доллар қымбат. АҚШ ақшасы айырбастау бөлімшелерінде 456 теңгеден сатылуда.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.