{metadescription}
Алматыда жол апаты азайып, ұрлық-қарлық мүлдем тоқтады
Алматыда жол апаты азайып, ұрлық-қарлық мүлдем тоқтады

Алматыда жол апаты азайып, ұрлық-қарлық мүлдем тоқтады

Алматыда блок-бекеттерден заңсыз өтпек болған төрт азамат ұсталды. Олардың үшеуі – өзге облыс тұрғындары, біреуі – Қырғызстан азаматы. Қоршалып тұрған қалаға Ақсай өзені арқылы жаяу өтпек болған екі тұрғынды Ұлттық Ұлан сарбаздары ұстаған.

Қолға түскен қырғыз азаматының өзімен бірге ешқандай құжаты болмапты. Сондықтан жеке басы анықталғанша, ол ешқайда кете алмайды. Ал қалғаны бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жалпы, карантин жарияланғалы бері төте жолдармен өтпек болған 47 азамат ұсталып, жауапқа тартылған. Сондай-ақ полицейлер ел-жұрт емін-еркін өтіп жүрген отыз өткелдің жолын жапты. Соған қарамастан қулығына құрық бойламайтындар әлі де жеткілікті. Мәселен, «Алтын орда» базары маңындағы бекетте ақысын төлесең, арлы-берлі алып өтетін таксишілер пайда болған. Олар: «10 мың теңгеге төте жолмен діттеген жеріңе жеткіземіз» - дейді.

- 10 будет, туда и обратно. Там 5 отдашь, назад вернемся, 5 отдашь. Ты самый главный, деньги дай. Глаза закрой, откроешь, в «Асыл армане» будешь.

Осындай бірлі-жарым заң бұзушылар болмаса, қалада қылмыс 52 пайызға азайыпты. Ал көлік нөпірі 4 есеге қысқарған. Осының арқасында жол апаты да 47 пайызға түскен. Ал халықтың көбі үйінде отырғандықтан, ұрлық-қарлық мүлдем жоқ дейді сақшылар.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Жиі жасалатын қылмыстардың, ұрлық деректерінің саны 58 пайызға төмендеп отыр. Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс 22 пайызға төмендеді.

Карантин кезінде Алматының айналасын мыңға жуық полиция мен 500-дей сарбаз күзетеді. Қалаға кіріп-шығатын жерлердегі бақылау күн сайын күшейтіліп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.