{metadescription}
"Ақкент": Үй жөндеуге келген жұмысшылар карантинге қамалып қалды
"Ақкент": Үй жөндеуге келген жұмысшылар карантинге қамалып қалды

"Ақкент": Үй жөндеуге келген жұмысшылар карантинге қамалып қалды

Алматыда коронавирус ошағының саны 15-ке жетті. Оның бірі бүгін оқшауланған. Ақкент ықшамауданындағы 9 қабатты үйде өткен бейсенбіде Стамбұлдан ұшып келіп, екі күн бұрын анализінен вирус анықталған науқас тұрған көрінеді. Полицейлер нысанды қоршауға алып, онда ешкімнің кіріп-шықпауын жіті қадағауда.

Ақкент ықшамауданында таңертең мүлгіген тыныштық еді, түске таяу абыр-сабыр болып кетті. Тоғыз қабатты үйдің кіреберісіне коронавирус қаупінен хабар берер ескертпе қойылды. Әрі полиция қызметкерлері нысанды қоршауға алды. Қазір олар мұнда ешкімді кіргізбейді, ал іштегілерді сыртқа аттап бастырмайды. Дәл осы үйде коронавируспен тіркелген науқас тұрыпты.

Бибігүл Сүлейменова, Ақкент тұрғын-үй кешені басқарушы компаниясының қызметкері:

Мен ол науастың өзімен телефонмен сөйлестім. Ол 19-шы наурызда Стамбұлдан ұшақтан түскен. Содан бері үйінде ауырып жатқан. 22-сі күні кешке жақын өзі жедел жәрдем шақырған. Әуежайдағы адамдарға сұрағым бар: Олар неге ұшақтан түскен адамды үйіне жібереді? Бір үй 19-наурыздан бері ол кісімен байланыста болған. Ол кісі «Арзанға» екі рет барған, далаға шыққан, дүкенге барған азық-түлік әкелген, осы Алматының ішінде сандалып жүрген ғой.

Бұл ғимаратта 65 пәтер бар. Енді сол тұрғындар жарты ай бойы сыртқы әлеммен байланыссыз өмір сүреді. Жақын маңдағы азық-түлік дүкені мен дәріхана тұрғындардың керек-жарағын есік алдына дейін жеткізіп бермек. Ал қала іргесіндегі үш қабатты  үй де өткен аптада қоршауға алынған. Мұнда пәтер жөндеуге келіп, ойда-жоқта оқшауда қалып қойғандар бар.

- Үйді жөндеуге келгенбіз негізі. Сол күн келіп, сол күні кешке карантинге жауып тастады. Екі-үш күнде жұмысымызды бітеміз. Шығып кетсек, жақсы болар еді, шығарса. Үйде бала-шағамыз бар. Біз мына жерде отыра алмаймыз.

Жұмысшылар: «Карантинде қалып қоямыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген» - дейді. Сол себепті, таза киім-кешек әкелмепті.

Қалада карантинге жабылған нысандар күн санап артуда. Бүгін ауру ошағының саны 15-ке жетіп отыр. Бірер сағат бұрын қала әкімдігі оқшауланған нысандардың мекен-жайына дейін жариялады. Олардың екеуі – Алатау ауданында, Алмалы және Түрксіб аудандарында – төртеуден, үшеуі – Медеу, тағы екеуі – Жетісу ауданында. Қатаң бақылауға алынған бұл ғимараттар күніне екі рет дезинфекцияланады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.