{metadescription}
Шетелге кеткен отандастар және әскерден босату мен шақыру
Шетелге кеткен отандастар және әскерден босату мен шақыру

Шетелге кеткен отандастар және әскерден босату мен шақыру

Коронавирусқа шалдыққандар саны 68-ге жетті. Соңғы 68-ші адам елордада тіркелді. Ал жағдайдың қиындығына қарамастан шетелге саяхаттап кеткен отандастарымыз елге өз ақшасымен қайтуы тиіс. Үкімет оларды бюджет қаражатымен қайтаруды жоспарлап отырған жоқ. Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты азаматтар уақытша әскерге шақырылмайтын болды. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Он тоғызыншы жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылады. Сол сияқты әскерге шақыру да уақытша тоқтатылады.

Ал бүгін таң атқаннан бері бері Елорда мен Алматыда 3-3-тен жаңа науқас табылды. Әзірге ресми нақтыланған 68 адамның 29-ы – Алматы қаласында. Нұр-Сұлтанда – 35 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам және Ақтөбе облысында – 1 адам.

Еліміздің бас санитар-дәрігерінің жаңа қаулысымен коронавирус қаупі бар елдер тізімі жаңарды. Бұдан былай екінші, үшінші санаттағы елдер деген болмайды. Тек 1«А» және 1«Б» санаты ғана қалады.

- 1 «А» санаты: Франция, Иран, Италия, Испания, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка мен Мысыр.

Бұл елдерден келгендер түгел ауруханаға карантинге жатқызылады. Ал коронавирус тіркелген бұдан өзге елдердің бәрі 1«Б» санатына кіреді. Ол жақтан оралғандар үй карантинінде болады. Ал кезінде тиісті ескертулерге құлақ аспай, шетелге демалуға кеткендер енді өз қаражатына қайтуы тиіс. Әуе компаниялары қандай баға ұсынса да, мемлекет оған араласпайды.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Шетелге кеткен саяхатшылардың көбі қалтасында ақшасы болғаннан кейін саяхаттап кетті. «Қазір жағдай күрделі, бас тартыңыздар» деген Үкіметтің бірнеше қайтара ескертуіне қараған жоқ. Ал қазіргі жағдайда ұшақтардың билет құны адамның толуына байланысты. Адам неғұрлым көп болса, билет те арзандай түседі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.