{metadescription}
Волонтерлар: Құр жатқанша, бір мезгіл сауап жасайық
Волонтерлар: Құр жатқанша, бір мезгіл сауап жасайық

Волонтерлар: Құр жатқанша, бір мезгіл сауап жасайық

Біз біргеміз! Алматыда еріктілер әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен зейнеткерлерге азық-түлік таратуды жалғастырып жатыр. Карантин кезінде ізгі әрекет жасауға ниет білдіргендердің қарасы көп. Игі бастаманы кез келген азамат қолдай алады.

Алматы шетіндегі зауыт іші карантин басталғалы қаңырап тұр. Бірақ еріктілердің басын қосқан қоймаға айналған соңғ тіршілігі қайта қызды. Сын сағатта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған еріктілер жан-жақтан жиналған.

Нұрлан Керімбаев, ерікті:

- Қарттардың немесе отбасы төмендерге көмек керек дегеннен кейін, жатып алғанша, бір мезгіл әрі сауап. Қоғамдық көмегіміз, адамгершілік, өзіміздің көмегіміз. Бізге қорақа салып береді, оны жеткізіп береміз.

Азық-түлікті түрлі мекен-жайға жеткізуге келіскендер көп. Бір күннің ішінде орташа 100 көлік жан-жаққа қайырымдылық себетін жеткізеді. Алматыда көмекке мұқтаж шамамаен 7 мың отбасы бар екен. Карантинде қалған қаланың қазіргі тіршілігінде мұндай көмек алу оларға үлкен демеу.

Гүлнәзия Дайрабаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бәрінің қол ұшын беріп жатқанына қуаныштымын. Көп-көп рақмет! Өздерің де ауырмай, сақтанып жүріңдер.  

Мейірімділік марафоны әлі жалғасады. Қолы ашық жомарт жандар өзін ғана емес, өзгені де ойлағандардың сапын толықтыра түседі деп сенейік.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде