{metadescription}
Диспансерде тарақандарды түсірген карантиндегі әйел жазалануы мүмкін
Диспансерде тарақандарды түсірген карантиндегі әйел жазалануы мүмкін

Диспансерде тарақандарды түсірген карантиндегі әйел жазалануы мүмкін

Ақтау қаласында Еуропадан оралысымен карантинге жатқызылған тұрғындар диспансердегі жағдай жантүршігерлік дейді. Короновирустен сақтану үшін алдын ала әзірленген медициналық мекемеде тарақан өріп жүр екен.

Аурухана бөлмелерінде де, дәліз бен асханада да қаптаған жәндіктерді олар ұялы телефонға түсіріп алып, ғаламторға жариялаған. Бұл жайттан хабардар болған облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар дәл қазір карантинде жатқандарды «басқа ғимаратқа көшіре алмаймыз» деп отыр. Сондықтан дезинфекция жасап, жәндіктерді улауға болмайды екен. Бірақ соған қарамастан, жағалауда 70-ке тарта теңіз жаяу әскері коронавируске карсы арнайы дәрі-дәрмек шашып жатыр. Ол жерде балалар алаңы да бар. Ал диспансерде өріп жүрген тарақандарға басшылар емес, карантин кезінде аурухана ішін ұялы телефонына түсірген адам жазалануы мүмкін. Заң солай.

Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Жалпы, заңды талаптарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Сол себепті туберкулезге қарсы диспансер әкімшілігі аталмыш келіншектің үстінен жауапқа тарту жөнінде ішкі істер органдарына, яғни ПД тиісті хат жолдайтын болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.