{metadescription}
Сауд Арабиясында өз еркімен қалған қанша отандасымыз бар?
Сауд Арабиясында өз еркімен қалған қанша отандасымыз бар?

Сауд Арабиясында өз еркімен қалған қанша отандасымыз бар?

Сауд Арабиясында жүрген қазақстандықтар елге оралды. Отандастарымыз қауіпті кеселдің кесірінен шекарасы жабылған бұл елден шыға алмай қалған.

Ал 33 қазақстандықты елге жеткізу ісімен Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктері айналысқан. Сауд Арабиясының мемлекеттік органдарымен келісу арқылы азаматтарымыз арнайы ұшақпен Жиддадан Ақтауға жеткізілді. Енді олар коронавируске қатысты процедуралардан өтуі тиіс.

Аталған елде өз еркімен қалып қойған әлі 100 шақты Қазақстан азаматы бар. Көбісі – сонда жұмыс істейтіндер, туристік визамен Мекке және Мәдина қалаларына барғандар. Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігі мен бас консулдығы бұл азаматтармен тығыз байланыста болмақ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.