{metadescription}
Коронавирус: Қытай, АҚШ, Италия, Үндістандағы ахуал
Коронавирус: Қытай, АҚШ, Италия, Үндістандағы ахуал

Коронавирус: Қытай, АҚШ, Италия, Үндістандағы ахуал

Ұлы Қытай қорғаны келушілер үшін ашылды! Індет ошағы саналған елде қауіптің сейілгені сондай, хайуанаттар бағы да жұмыс істей бастаған.

Ұзақ уақыт үйде отырған Бейжің тұрғындары зообаққа билетті бір күн бұрын сатып алып қойған екен. Жануарлармен қауышқан жұрттың қуанышында шек жоқ. Дегенмен тұрғындар сақтық шараларын ұмытпаған. Қытай қорғанын көруге келгендерің бәрі бірдей бетперде киген. Індет ошағы саналған Уханьда да 8-ші сәуірден бастап карантин алынып тасталатыны белгілі.

Әлемде ауру әлі ушығып жатыр. Соңғы бір тәулікте ғана АҚШ-та 11 мың адам коронавирус жұқтырған. Ал Италияда статистика одан да сұмдық. Мұнда бір күнде аурудан 743 адам көз жұмды. Ал Үндістанда жалпыұлттық карантин жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирусқа шалдыққандардың саны 428 мыңнан асқан. 19 мың сырқат қайтыс болып, 109 мың адам дертті жеңген.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.