{metadescription}
Коронавирус жұқтырған Жамбыл облысы және Петропавл тұрғыны туралы мәлімет
Коронавирус жұқтырған Жамбыл облысы және Петропавл тұрғыны туралы мәлімет

Коронавирус жұқтырған Жамбыл облысы және Петропавл тұрғыны туралы мәлімет

Жамбыл облысында дерт жұқтырған азамат Шу қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Оны қазір дәрігерлер бақылап отыр.

Марат Жұманқұлов, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бүгінгі таңда науқастың жағдайы бір қалыпты. Денсаулығына ешқандай шағым жоқ. Дене қызуы байқалған жоқ. Науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

Әзірге науқастың қалай және қандай жағдайда ауруханаға түскені ашық айтылмауда. Белгілісі, ол 22-ші наурыз күні жүк көлігімен қырғыз еліне жеміс-жидек алуға өткен. Сосын Бішкек қаласынан 15 шақырым жерден көлігіне тауар тиеп, 23-і күні Қордайдағы Қарасу бекеті арқылы кері қайтқан. Соның ертеңіне карантинге жатқызылыпты. Науқас 13 адаммен қарым-қатынаста болған. Олар жедел тексеруден өтіп, 6-уынан коронавриус анықталған жоқ. Қалған 7 адам бойынша сараптама нәтижесі әлі шықпаған.

Петропавлдың 27 жастағы тұрғыны да коронавируске шалдықты. Ол 23 наурызда Ресейдің Омбы қаласынан пойызбен келіпті. Ертесіне дене қызуы көтеріліп дәрігерге қаралған.

Тимур Сұлтанғазиев, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Науқастың жағдайы бір қалыпты. Дене қызуы жоқ. Әзірге денсаулығына қатысты шағым айтпады. Ол кісімен байланыста болған барлық адам анықталды. Арасында пойыз жолаушылары бар. Олар түгелдей карантиндік стационарға оқшауланды. Бәрінің жағдайы бір қалыпты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде