{metadescription}
Дәурен Абаев: Жағдай күрделі...
Дәурен Абаев: Жағдай күрделі...

Дәурен Абаев: Жағдай күрделі...

Елімізде коронавируске шалдыққан 2 адам емделді. Қазір олардан қосымша сынама алынған. Бірақ аталмыш дерт әлі де көбейіп жатыр. Қазақстанда оны жұқтырғандардың саны 80-ге жеткен. Дерттің дендеп кетпеуіне үкімет тарапы азаматтарды төтенше жағдай талаптарын толықтай сақтауға шақырады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Жағдай күрделі. Сондықтан баршаңыздың көмегіңіз керек. Ол үшін мамандар айтқан қарапайым кеңестерді жасау керек. Қолыңызды жиі жуыңыз, әр жуғаныңыз 20 секундтан кем болмасын. Үйден шықпаңыз, далаға шықпаңыз, бетперде киіңіз.  

Елде коронавирус жұқтырғандардың 41-і Нұр-Сұлтанда, 31-і Алматыда, екеуі Қарағандыда, тағы екеуі Шымкентте анықталса, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында біреуден тіркелген. Елдегі енгізілген төтенше жағдай мен екі қаладағы карантинге қарамастан, той тойлап, балаларға үйірме өткізіп жүргендер әлі де ұшырасып жатыр. Мәселен, тәртіп бұзушылыққа қатысты 313 дерек тіркелсе, 94 адам жауапқа тартылып, оның 64-і қамауға алынған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде