{metadescription}
Шаңнан сақтан! Ақтаулықтарға үйден шықпауға кеңес берілді
Шаңнан сақтан! Ақтаулықтарға үйден шықпауға кеңес берілді

Шаңнан сақтан! Ақтаулықтарға үйден шықпауға кеңес берілді

Ақтауда тұрғындар короновирустан ғана емес, шаңнан сақтану үшін де үйден шықпауы тиіс.

Өткен түнде Қазгидрометтің арнайы құрылғысы ауаның аса жоғары ластануын, яғни «қызыл» деңгейін көрсеткен. Бүгін сәл төмендеп «сары» деңгейге түсіпті. «Соның өзінде осы кезде адам ағзасына түскен тозаң өте қауіпті болуы мүмкін», - дейді мамандар. Бұндай шаңды адам мұрны сүзгіден өткізіп ұстап қала алмайды екен. «Бірден өкпеге өтіп кетіп, тұрып қалады», - дейді экологтар. Соның кесірінен жүрек қан тамырлары, тыныс алу жолдарында ауру пайда болмас үшін екіқабат әйелдер, қарттар мен балалардың үйден шықпағаны жөн деп кеңес береді. Бұл шаңды дауылдың Ақтауға дейін жетуін мамандар көрші Астраханьда және Байқоңырда оқу зымырандарын ұшырылуымен байланыстырады.

Кирилл Осин, эколог:

- Ақша бұлттар жиналып, тұрғындарға әдемі болып көрінді. Олар алғашқыда түсінбей қалды. Егер терезені ашып қойсаңыз, жиһаздың үстіне қонған аппақ тозаңнан оның бұлт емес, шаң екенін байқауға болады. Сондықтан сақ болу керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде